Перейти к содержимому
panfilov.amanatkz
panfilov.amanatkz

Панфиловский филиал

@panfilov.amanatkz

Сайтта 2020 ж. 28 шілде

Официальный филиал партии "AMANAT" Панфиловского района Жетысуской области.

рейтинг

250

жазбалар

903

пікірлер

0

тіркелуші

24

жазылымдар

14

"Ардагерлерді ардақтайық"

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Үлкенағаш БПҰ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 6 мамыр күні қоғамдық ұйым жетекшілерімен әкімшілік қызметкерлері 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі қарсаңында тыл ардагерлерінің отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат табыс етті.

Ардагер ата-апамызға жылы лебізін білдіріп ісі ізеттілік пен үлгілі өнегеге толы қадірменді қариялардың елге сіңірген ерең еңбектері ұрпақ санасында мәңгіге сақталатынын айтты.

Мерекемен құттықтап келген қоғамдық ұйым жетекшілерімен әкімшілік қызметкерлерін жылы шырайымен қарсы алған тыл ардагерлері қашанда ұмытпай құрметке бөлеп келген әкімшілік ұжымына алғысын білдіріп ақ батасын берді.

0
0
150

"Дәрігерлерді ардақтайық"

Панфилов аудандық мәслихатының депутаты Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы Панфилов аудандық ''Nur Otan'' партиясы филиалының ұйымдастыруымен өткен "Дәрігерлерді ардақтайық" жобасы аясында ауданымыздың білікті де білімді медицина қызметкерлерін марапаттады. Бұл жоба — індет ұшығып тұрған қазіргі кезеңдегі аурумен бетпе-бет келіп, алғы шепте, ел халқының денсаулықтары үшін жанқиярлықпен күресіп келе жатқан мамандардың еңбегін халыққа насихаттау барысында бастау алған болатын.Осыған орай, телімдік дәрігер (ВОП) Байжұманова Гүлім Талаповнаны "Nur Otan" партиясының "Алғыс хатымен" және телімдік медбауыр (МОП) Сауранбай Әлішер Аманжолұлын маслихаттың "Алғыс хатымен" марапаттап, өз өмірлерін қатерге тігіп, аянбай еңбек етіп жатқан ақ халатты абзал жандарға қажымас қайрат, талмас қанат, еңбектеріне таб…

0
0
154

"Ардагерлерді ардақтайық"

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Сакиова Ризван Абдуликимовна 08.05.2021 жыл. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында және 9 мамыр Ұлы Жеңістің мерекесіне орай Жаркент қаласының тұрғыны тыл ардагері Белалова Гулии Сраждинқызын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, сұқбаттасып қайтты.Бүгінде тыл ардагері Ұлы Жеңіс мерекесін 91жасында қарсы алуда.Гулии Сраждинқызы сұрапыл соғыс кезінде Жаркент қаласындағы 2091 әскери бөлімінде әсекерлерге шинель тігіп еңбек жасаған. Сонымен қатар тыл ардагері, батыр ана, 99 жастағы Оспанова Зейнелхан Самылтырқызымен жүздесті.Батыр анамыз 9 жасынан қой бағып, әкесіне көмекші ретінде еңбек жолын бастап, жеңіс күнін жақындату үшін аянбай тер төгіп еңбек етті. Бүгінгі таңда жастарға үлгі-өнеге кө…

0
0
142

"Ардагерлерді ардақтайық"

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Сакиова Ризван Абдуликимовна 08.05.2021 жыл. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында және 9 мамыр Ұлы Жеңістің мерекесіне орай Жаркент қаласының тұрғыны тыл ардагері Бедрекова Мария Федеровна сұрапыл соғыс басталғанда 9-сынып бітіріп жатқан кезі екен, әкесі соғысқа аттанып, отбасымен бірге тылда маңдай терін төгіп еңбек етіп, соғыс жылдарынан кейін елді дамытуға үлес қосып, бүгінде 96 жастың белесін еңсеріп отыр. Және Еңбекші ауылында тыл ардагері Мұқанов Рақымғали атамыз бүгінде 93 жасты еңсеріп отыр.Атамыздың орасан зор еңбектері еленіп отанымыздың бірнеше марапаттарына ие болған.Сонымен қатар тыл ардагерлері Арыстанбаева Күләнда, Ахметова Бисара, Сманқұлова Ғани аналарымызбен жүздесі…

0
0
111

"Ардагерлерді ардақтайық"

Панфилов аудандық мәслихат депутаты Дарубаева Айгуль Жұмағұлқызы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Ардагерлерді ардақтайық", партиялық жобасы аясында Панфилов ауданның құрметті азаматшасы Қоңырөлең ауылының тумасы, соғыстан кейінгі жылдарда Қоңырөлең қой совхозында мал шаруашылығыда 40 жылдан астам еңбек еткен. Тылдағы және бейбіт өмірдегі ерен қызметіне сай Кеңес үкіметі тарапынан берілген марапаттар иесі. Аналық парызы өз алдына, әке орнына әке бола білген «тәубесінен жаңылмай, тәуекелінен тайынбай» бір әулеттің көшін өрге тартқан қажырлы жан. Үш бала, он бес немере, жиырма төрт шоберенің анасы болған Рысбекова Жанар Мұқажанқызмен кезесу өткізіп апамыздың ақ батасын алып, ел бірлігі үшін бар күш жігерін жұмсайтындығын жеткізді. Ата-әжелеріміз үшін силықтарм…

0
0
138

9 мамыр - Жеңіс күні

9 мамыр - Жеңіс күні

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында Панфилов ауданының тұрғыны ҰОС ардагері Сембек Қожахметов атамыздың үйіне барып, құттықтап мерекелік жеміс себетін табыс етті, ол кісіге мықты денсаулық,амандық және ұзақ ғұмыр тілеп қайтты.Бұл мереке жанқияр ерліктің еңселі елдіктің рухы өрлеп,Жеңіс жалауы желбіреген күн.Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуыда, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де осынау - мерекенің жемісі.Осы ардагерлерімізді ардақтап, көңіл бөлу, барынша қамқорлық көрсету әрбіріміздің азаматтық парызымыз деп білеміз.

0
0
174

Қымбатты майдангерлер мен тыл ардагерлері!

Қымбатты майдангерлер мен тыл ардагерлері!

Баршаңызды 9 мамыр — Ұлы Жеңістің 76 жылдығы мерекесімен құттықтаймыз!

Жеңіс күні — батылдық пен қаһармандықтың, халқымыздың бірлігінің беріктігі мен қайсар рухының мерекесі.

Сұрапыл соғыс кезеңінде майдангерлеріміз соғыстың соқпағынан өтіп, жанған от пен жауған оттың ортасына түсіп, кең-байтақ жерді қорғады. Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмірлері үшін жасаған өлшеусіз ерліктеріңіз мәңгі ұмытылмайды.

Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілейміз!

0
0
124

Құрметті Отан қорғаушылар!

Құрметті Отан қорғаушылар!

Сіздерді 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке тек күнтізбелік күн емес, бұл мереке ержүрек батырларымызға құрмет көрсететін күн!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап ,қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі істтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт бейбіт ғұмыр тілейміз. Отбасыларыңыз аман болсын!!!

Мереке құтты болсын!!!

0
0
238

"Ардагерлерді ардақтайық"

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған "30 игі іс-шара" "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында және 9-мамыр Ұлы жеңістің 76 жылдығына орай Айдарлы ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен тыл ардагерлері Ашубасаров Темірбек, Искакова Дәкен, Жаңупова Шәкәрмән ата апаларымызға құрмет көрсетіліп,сыйлықтар табыстап,ашық аспанымыз үшін алғыс айтылды.

Ұлы Жеңістің 76 жылдығы құтты болсын.

0
0
137

"Ардагерлерді ардақтайық"

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған "30 игі іс-шара" "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында және 9-мамыр Ұлы жеңістің 76 жылдығына орай Жаскент ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен тыл ардагерлері Ушпаев Сағымбек, Пахрамов Муртуз, Молданова Рахилям ата апаларымызға құрмет көрсетіліп,сыйлықтар табыстап,ашық аспанымыз үшін алғыс айтылды.

Ұлы Жеңістің 76 жылдығы құтты болсын.

0
0
105