"Ардагерлерді ардақтайық"
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Сакиова Ризван Абдуликимовна 08.05.2021 жыл. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында және 9 мамыр Ұлы Жеңістің мерекесіне орай Жаркент қаласының тұрғыны тыл ардагері Белалова Гулии Сраждинқызын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, сұқбаттасып қайтты.Бүгінде тыл ардагері Ұлы Жеңіс мерекесін 91жасында қарсы алуда.Гулии Сраждинқызы сұрапыл соғыс кезінде Жаркент қаласындағы 2091 әскери бөлімінде әсекерлерге шинель тігіп еңбек жасаған. Сонымен қатар тыл ардагері, батыр ана, 99 жастағы Оспанова Зейнелхан Самылтырқызымен жүздесті.Батыр анамыз 9 жасынан қой бағып, әкесіне көмекші ретінде еңбек жолын бастап, жеңіс күнін жақындату үшін аянбай тер төгіп еңбек етті. Бүгінгі таңда жастарға үлгі-өнеге көрсетуде.Табандылықпен қайсарлықтың, адамгершілік пен кішіпейілдіктің қазынасы деп білеміз.Аналарымызға келесі ғасырды еңсеруге тілектес болып, зор денсаулық, баянды өмір және ұзақ ғұмыр тілейміз!
