"Ардагерлерді ардақтайық"
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Сакиова Ризван Абдуликимовна 08.05.2021 жыл. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында және 9 мамыр Ұлы Жеңістің мерекесіне орай Жаркент қаласының тұрғыны тыл ардагері Бедрекова Мария Федеровна сұрапыл соғыс басталғанда 9-сынып бітіріп жатқан кезі екен, әкесі соғысқа аттанып, отбасымен бірге тылда маңдай терін төгіп еңбек етіп, соғыс жылдарынан кейін елді дамытуға үлес қосып, бүгінде 96 жастың белесін еңсеріп отыр. Және Еңбекші ауылында тыл ардагері Мұқанов Рақымғали атамыз бүгінде 93 жасты еңсеріп отыр.Атамыздың орасан зор еңбектері еленіп отанымыздың бірнеше марапаттарына ие болған.Сонымен қатар тыл ардагерлері Арыстанбаева Күләнда, Ахметова Бисара, Сманқұлова Ғани аналарымызбен жүздесіп, соғыс кезінде тылдағы еңбектері жайлы сұхбаттасып қайтты.Ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және бейбіт өмір тіледі.Өзі еңбек етіп отырған ЖШС "Азияветсервис" мекемесі Панфилов ауданы Талды округі соғыс және тыл ардагерлерін 20 жыл ұдайы 9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттарымен марапаттауда.
