Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Ардагерлерді ардақтайық"

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Үлкенағаш БПҰ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 6 мамыр күні қоғамдық ұйым жетекшілерімен әкімшілік қызметкерлері 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі қарсаңында тыл ардагерлерінің отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат табыс етті.

Ардагер ата-апамызға жылы лебізін білдіріп ісі ізеттілік пен үлгілі өнегеге толы қадірменді қариялардың елге сіңірген ерең еңбектері ұрпақ санасында мәңгіге сақталатынын айтты.

Мерекемен құттықтап келген қоғамдық ұйым жетекшілерімен әкімшілік қызметкерлерін жылы шырайымен қарсы алған тыл ардагерлері қашанда ұмытпай құрметке бөлеп келген әкімшілік ұжымына алғысын білдіріп ақ батасын берді.

0
0
149

Осы тақырып бойынша

"Ардагерлерді ардақтайық" - Yvision.kz