"Ардагерлерді ардақтайық"
Панфилов аудандық мәслихат депутаты Дарубаева Айгуль Жұмағұлқызы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Ардагерлерді ардақтайық", партиялық жобасы аясында Панфилов ауданның құрметті азаматшасы Қоңырөлең ауылының тумасы, соғыстан кейінгі жылдарда Қоңырөлең қой совхозында мал шаруашылығыда 40 жылдан астам еңбек еткен. Тылдағы және бейбіт өмірдегі ерен қызметіне сай Кеңес үкіметі тарапынан берілген марапаттар иесі. Аналық парызы өз алдына, әке орнына әке бола білген «тәубесінен жаңылмай, тәуекелінен тайынбай» бір әулеттің көшін өрге тартқан қажырлы жан. Үш бала, он бес немере, жиырма төрт шоберенің анасы болған Рысбекова Жанар Мұқажанқызмен кезесу өткізіп апамыздың ақ батасын алып, ел бірлігі үшін бар күш жігерін жұмсайтындығын жеткізді. Ата-әжелеріміз үшін силықтармен заттардың маңызы болмауы мүмкін, бірақ оларды ардақтап, көңіл бөлу, барынша қамқорлық көрсету әрбіріміздің азаматтық парызымыз деп білеміз.
