"Дәрігерлерді ардақтайық"
Панфилов аудандық мәслихатының депутаты Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы Панфилов аудандық ''Nur Otan'' партиясы филиалының ұйымдастыруымен өткен "Дәрігерлерді ардақтайық" жобасы аясында ауданымыздың білікті де білімді медицина қызметкерлерін марапаттады. Бұл жоба — індет ұшығып тұрған қазіргі кезеңдегі аурумен бетпе-бет келіп, алғы шепте, ел халқының денсаулықтары үшін жанқиярлықпен күресіп келе жатқан мамандардың еңбегін халыққа насихаттау барысында бастау алған болатын.
Осыған орай, телімдік дәрігер (ВОП) Байжұманова Гүлім Талаповнаны "Nur Otan" партиясының "Алғыс хатымен" және телімдік медбауыр (МОП) Сауранбай Әлішер Аманжолұлын маслихаттың "Алғыс хатымен" марапаттап, өз өмірлерін қатерге тігіп, аянбай еңбек етіп жатқан ақ халатты абзал жандарға қажымас қайрат, талмас қанат, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі. Сондай-ақ оларға дәрумендер жиынтығын сыйға тарту етті.
