Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қымбатты майдангерлер мен тыл ардагерлері!

Қымбатты майдангерлер мен тыл ардагерлері!

Баршаңызды 9 мамыр — Ұлы Жеңістің 76 жылдығы мерекесімен құттықтаймыз!

Жеңіс күні — батылдық пен қаһармандықтың, халқымыздың бірлігінің беріктігі мен қайсар рухының мерекесі.

Сұрапыл соғыс кезеңінде майдангерлеріміз соғыстың соқпағынан өтіп, жанған от пен жауған оттың ортасына түсіп, кең-байтақ жерді қорғады. Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмірлері үшін жасаған өлшеусіз ерліктеріңіз мәңгі ұмытылмайды.

Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілейміз!

0
0
123

Осы тақырып бойынша

Қымбатты майдангерлер мен тыл ардагерлері! - Yvision.kz