АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге тағы да әуеден соққы берді
АҚШ пен Ұлыбритания Йемен астанасы Санаға әуеден жаңа соққы берді. Бұл туралы «РИА Новости» агенттігіне қала әкімшілігіндегі адамдар хабарлаған.Бұл ақпаратты Fox News телеарнасы да растап отыр.АҚШ пен Ұлыбританияның «Аңсар Алла» қозғалысына қарсы әскери операциясы өткен жұманың түнінде басталған еді. Екі ел Йеменнің төрт провинциясындағы нысандарға әуеден соққы берді. АҚШ президенті Джо Байден мұны кеме қатынасына төнген қауіпке жауап деп атады.«Бұл – хуситтердің Қызыл теңіздегі халықаралық кемелерге бұрын болып көрмеген жойқын шабуылдарына жауап. Олар баллистикалық зымырандарды алғаш рет қолданып отыр», – деді Байден.АҚШ президенті хуситтердің 27 шабуылы салдарынан 50-ден аса елдің коммерциялық кемелеріне нұқсан келгенін айтты. 9 қаңтарда тіпті америкалық әскери корабльдерге үлкен шабуыл…


