Атырауда үш айлық нәрестені өрттен құтқару сәтінің видеосы тарады
Атыраулық өрт сөндірушілер 4 адамды құтқарды.

Кеше кешке Атырау қаласында 10 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шықты. Төтеншеліктер өрт сатысы арқылы 4 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды.
Қызыл жалын көп ұзамай толық сөндірілді. Оттың тұтану себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

