Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Бүгін - Ғашықтар күні

15 сәуірде еілімізде Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні, яғни ғашықтар күні аталыпп өтеді.

undefined

Сурет: dimashnews.com

Мереке 2011 жылы бұрын жастар атап өтіп келген 14 ақпан – Ғашықтар күніне балама ретінде пайда болды және XIV-XV ғасырларда өмір сүрген Қозы Көрпеш пен Баян сұлу махаббатының символы ретінде белгіленген.

Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық аңызында махаббат пен достық, тазалық пен нәзіктік, адамгершілік пен әдеп туралы айтылған.

Мөлдір де нәзік сезімді, екі жүрек арасындағы махаббатты білдіретін мерекеде әдетте жас жұбайлар некесін тіркеуге асығады.

kaz.inform.kz

0
0
330

Құлсарыда тасқын суға батып өлген жігіт үйлену тойына дайындалып жүрген

Бүгін Атырау облысындағы Құлсары қаласында әкелі-балалы марқұмдар Болатбек Нұржауұлы мен Асылжан Нұржау жер қойнына тапсырылды.Ал кеше Асылжанның үйлену тойы өтуі керек болған. Бұл туралы белгілі тележурналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жазды. "Жүрегім ауырып, қабырғам қайысып отыр. Бір үйден 2 адам - әке мен бала… Отбасында 1 ұл, 1 қыз еді. Бір-ақ сәтте арыстай 2 адамынан айырылған шаңырақтың қайғысына ортақпын. Енді анасы мен Диана қызымыз екеуі қалды… Жәй ғана жауапсыздық пен іздеу-құтқару шараларына салғырттықтан 2 адам бақи дүниеге кетті. Шыр-пыр болып су басына келіп: "әкешім, Асылжаааан" деп жаңғыртқан қыздың үнін естіп, дабыл қосып едім. Ертеңіне күштік құрылымдар кірісіп іздеген болды. Алайда Алматыда отырып пост жазып, историс салмасаң іс баяулап қалады. Не қайық, рация, с…

0
0
618

Су басқан өңірлерде құтқару, эвакуациялау және басқа жұмыстар түнімен жүргізілді

Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі су тасқыны жағдайына байланысты ақпараттарды күнде жариялап отыр. Қазіргі уақытта Қызылжар ауданы Большая малышка ауылында құтқарушылар қоса берілген күштермен бірлесіп 894 жергілікті тұрғынды, оның ішінде 112 баланы эвакуациялады. Эвакуацияланған тұрғындар Пеньково ауылының уақытша эвакуациялық пункттерінде және туыстарында орналастырылды.Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының саяжай алаптарынан жергілікті тұрғындарды және үй жануарларын қауіпсіз орындарға тәулік бойы эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде.Ақмола облысының Атбасар қаласында Жамбыл облысының құтқарушылары тәулік бойы еріген суды бұру жұмыстарын жүргізуде.Самарқа ауылында 45 жергілікті тұрғын, оның ішінде 25 бала қауіпсіз орындарға көшір…

0
0
241

Астанада алапат өрт болды

undefined

Бүгін түнде Елордада жатақхана отқа оранды. Қызыл жалын шамамен 500 шаршы метр аумақты қамтыған.

Өрт таңғы сағат 6:07-де толық сөндірілді.

0
0
369

Иран Израильге шабуыл жасады

Иран кеше кешке Израильге шабуыл жасады. Израильдің ЦАХАЛ қорғаныс әскері халыққа сақ болуды ескертіп отыр.Фото: ReutersАқпарат құралдарының хабарлауынша, Иран әскерилері түнге қарай Израиль аумағына ұшқышсыз ұшу аппараттарын бағыттап жіберген.ЦАХАЛ өкілдері 100-ден аса дронды байқағанын мәлімдеді. Олар бұл аппараттарды қағып түсіретінін хабарлады. Сондай-ақ, Израиль барлау қызметі ондаған ұшқышсыз аппарат пен қанатты зымырандарды байқапты.Соңғы мәлімет бойынша, бір адам жараланып, әскери базаға аздаған зақым келген.Бұл шабуылға Израильдің 1 сәуірде Иранның Сириядағы елшілігіне әуеден соққы беруі себеп болып отыр. Әуе соққысынан Шамдағы (Дамаск) консулдық ғимараты қирап қалды. Осының салдарынан, кем дегенде, жеті адам қаза тапқан. Олардың арасында Ислам революциясы сақшылары элиталық корп…

0
0
298

Президент күйші Әбдімомын Желдібаевтың жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.Президент Тоқаев дәулескер күйші, композитор, «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты."Әбдімомын Желдібайұлы киелі күй өнерінің көкжиегін кеңейткен дарын иесі, ұлағатты ұстаз болды. Бар саналы ғұмырын төл мұрамызды насихаттауға арнап, еліміздің мәдениеті мен руханиятын дамытуға айрықша еңбек сіңірді. «Ерке сылқым» сияқты өміршең күйлерімен жұртшылықтың ықыласына бөленді. Өнегелі өмір сүріп, соңына музыкалық мол мұра қалдырған Әбдімомын Желдібайұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын",…

0
0
272

Атырау облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасып жатыр

Атырау облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабындағылар хабарлады.

undefined

Өткен тәулікте жағалауды нығайту жұмыстарына:

⁃ 1009 арнайы техника;

- 2291 мекеме жұмысшылары;

⁃ 3643 ерікті жұмылдырылды.

68,7 шақырым бөгет тұрғызылып, 216 тонна гуманитарлық көмек жиналды. 744,2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

0
0
386

Арқалықтағы су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алуға қаржы бөлінді

Үкімет қаулысымен су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қостанай облысы Арқалық қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді.Фото: Арқалық, наурыз, 2024 ж.Қаражат 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен бөлінді. Қаржыландыру ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы комиссияның бағалауына сәйкес Арқалық қаласында үйлері қалпына келтіруге келмейтін отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін нысаналы трансферттер түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді. Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайы Республикалық штабтың бақылауында. Бүгінде үлкен судың қарқыны бәсеңдеп, қауіптің беті қайта бастады. Қалалық және аудандық әкімдіктер табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан мүлкі бүлінген азаматтардан матер…

0
0
360

Топан судан зардап шеккендерге деп әр әншінің берген ақшасы күлкі келтірді

Еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендер үшін өнер жұлдыздары жинаған қаржыға әр адамның қосқан ақшасы жұрттың жағасын ұстатты.

undefined

100.000...200.000... дей ме?... Негізі, "статус" деп, бір-бірімен жарысады, қымбат үй алып, қымбат көлік мініп, 10-15 млн-дық бренд сумка, бренд киімдеріне мақтанады.... шетел.... қыдыру, той-томалақ, астау-астау ет жегенін көрсеткенде, алдарына жан салмайды... тойда фонограммамен айтқан үш әні үшін халықтан алатын гонорарлары миллионнан кем емес... "Статустарына" лайық болу керек қой... Біртүрлі... тізімді оқып отырып мен ұялып кеттім...

Сәуле Әбілдаханқызының жазбасы

0
0
345