Ресейліктер Бишімбаев сотына неге үйірсектеп кетті?
Астанада өтіп жатқан бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысына кеше ғана ресейлік блогер (бір жерлерде коуч, журналист, жазушы, нейрохирург, психолог және тағы басқа делініп жүр) Наталья Грэйс келіп кетті.Фото: kursiv.mediaОл жәй келіп кеткен жоқ, жұртты шулатып кетті. «Бұл қайдан сап ете қалды?» дедік. Сөйтсек, Грэйс ханым Бишімбаевты ақтап, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы, жәбірленуші Айтбек Амангелдіні даттауға келіпті.Өткенде осы сотқа ресейлік тағы бір журналист, тележүргізуші, ол да тағы пәленбай мамандығы бар, Ксения Собчак келіп, бір дүрлігіп алғанбыз. Бұл ханым дәл кешегідей шулатпаса да, артынан біраз сұрақ қалдырғаны анық. Мысалы, «сотта отандық журналистердің бәрі түрегеп тұрғанда, ол неге отыр?» деген сияқты. Бірақ Собчак ханым біреуге болы…


