Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

БҚО-да тасқын судан құлындар құтқарылды (видео)

undefined

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Бударин ауылында Түркістан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының құтқарушылары тасқын суларда батып бара жатқан жылқылар мен олардың құлындарын құтқарды. Сөйтіп, жануарларды құрғақ қауіпсіз жерге алып шықты.

https://t.me/qr_tjm

0
0
366

Қостанайда алапат өрт болды

Бүгін түс кезінде Қостанайда құрылыс материалдары мен тұрмыстық химиясы бар қойма өртенді.

undefined

Қызыл жалын 1100 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Түстен кейін өрттің оқшауланғаны хабарланды. Сағат 16:31-де ол толығымен сөндірілді.

0
0
447

Орал қаласында Жайық суының деңгейі 862 см болды. Қауіпті мөлшер - 850 см

Жайықтың суы Батыс Қазақстан облысына бүгін келеді деген болжам айтылып отыр.
undefined
Орынбордан шыққан нөпір су Батыс Қазақстанға бүгін, ал Атырауға 28-і ойысады деген болжам бар.
Соңғы мәліметке сай, Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 8 метр 62 сантиметр болды. Қауіпті деңгей - 850 сантиметр.

Нөпір су алдымен Орынбормен шекаралас Бәйтерек ауданындағы Январцев ауылына жетеді. Елді мекендегі Жайықтың деңгейі күн сайын 30 сантиметрге көтеріліп жатыр.

https://t.me/qazaqstantv

0
0
280

БҚО-да құтқарушылар күні-түні тоқтаусыз жұмыс істеді

Орал қаласының маңындағы су басқан саяжай алаптарының аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Әуеде тікұшақ жұмыс істеді. Адамдармен қатар ит-мысықтар да құтқарылды.Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында құтқарушылар мен жергілікті медицина қызметкерімен 2 моторлы қайықпен адам құтқарды.Қарағанды облысының күштері мен құралдары БҚО учаскесінде Вишенька саяжайында, Меловые горки, және Мясокомбинат саяжайларындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды.Орал қаласының Самал ықшамауданында Маңғыстау облысы ТЖД жиынтық тобы бөгетті нығайту мақсатында қаптарды жағалау қоршауын инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жұмыстары жалғастырылды. Су тасқынына қарсы шараларды жүргізу мақсатында Батыс Қазақстан облысына Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау қалалары…

0
0
289

Штутгарттағы теннис турнирінің финалында кім жеңетініне болжам жасалды

Мамандар Штутгарттағы (Германия) WTA-500 турнирінің финалында ойнайтын қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 4-ракеткасы) мен украиналық теннисші Марта Костюктің (әлемнің 27-ракеткасы) мүмкіндіктеріне баға берді.

undefined

«Букмекерлік кеңсенің бұл матчқа коэффиценті мынадай: Рыбакинаның жеңісі – 1.33, Костюктің жеңісі – 3.38. Осылайша, қазақстандық теннисші бұл сайыстың айқын фавориті саналып отыр», – деп жазады Sports.kz.

Рыбакина мен Костюк арасындағы ақтық сайыс бүгін Астана уақытымен сағат 16:00-де өтеді. Ал кеше Елена әлемнің 1-ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швентекті 6:3, 4:6, 6:3 есбімен ұтқан болатын.   

0
0
407

Рыбакина жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен сайысқа түседі

Елена Рыбакина алғаш рет Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты.
undefined
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, Италия өкілі Ясмин Паолинимен кездесті.
Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет тоқайласып, соның екеуінде италиялық спортшының жолы болған.
Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті.
Екіншісінде Паолини қарымта қайырды - 7:5.
Соңғы, шешуші сетте Рыбакина жеңісті жұлып алды - 6:3.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт мәрте чемпионы, поляк қызы Ига Швентекпен кездеседі.

https://t.me/RRaketkasi

0
0
342

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиғаны үшін жазаланған имам туралы не білеміз?

Астанадағы республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырминнің жақсы адам екені айтыла бастады.Ал кеше кезінде экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның марқұм әйелі Салтанат Нүкенованың некесін қиған Қанат Қыдырминді ҚМДБ жазалағаны туралы ақпарат тараған еді.  Олардың некесін қию рәсімі 2022 жылы 17 қазанда аталған мешітте өткен. Сол кезде имам жас жұбайлардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәліктерін сұрағанда, Бишімбаев пен Нүкенова «әлі жасалып жатыр» деп жауап берген.«Олар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген. Аталған азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған Республикалық бас мешіттің имамы Қ.Қыдырминге тә…

0
0
347

Тоқаев: «Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ» деген сөз дұрыс айтылған»

Астанада Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізді.Қазақстан басшысы Қырғызстан Президенті сапарының екі тарап үшін де мән-маңызы айрықша екенін атап өтті."Бүгін біз Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз байланыстарының дамуына тың серпін беретініне сенімдімін. Ел аузында «Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ» деген сөз бар. Бұл – дұрыс айтылған тұжырым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы Қазақстанның бұрын-соңды болмаған су тасқынымен күресіп жатқанын атап өтіп, осындай қиын-қыстау кезде гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қырғызстан Президентіне және барша қырғыз халқына алғыс айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынастарының…

0
0
590

Апат аймақтарынан эвакуациланған адамдардың саны 118 мыңнан асты

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат (19.04.2024 ж.)

undefined

Азаматтық қорғау қызметтері 118180 адамды, оның ішінде 44254 баланы құтқарды. 113852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 19715 адам үйлеріне оралды.

Эвакуациялау пункттерінде 8821 адам, оның ішінде 3885 бала бар.

10,5 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,4 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. 4 370 тұрғын үй мен 2 737 аула аумағынан су бұрылды.

Жедел желі телефонына 1971 қоңырау түсті.

0
0
266