Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Бүгін Павлодар әкімі мектептегі сұмдық оқиғаға қатысты жиын өткізеді

Павлодар әкімі Хасар Қабылбеков бүгін қала мектептеріндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша үлкен жиын өткізбек. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде мәлімдеді.Фото: pavlodarnews.kz / Павлодар қаласының әкімі Хасар Қабылбеков оң жақта"№14 орта мектепте болған оқиғаға қала әкімі ғана емес, екі оқушының әкесі ретінде де үнсіз қала алмадым. Оқиға болған жерде болдым, мектеп басшылығымен, мұғалімдермен сөйлестім. Зардап шеккен балаға барып, оның тезірек сауығып кетуін тілеп, қандай көмек қажет екенін білдім", - деп жазды Хасар Қабылбеков.Ал жиын негізінен аталған мектепте болған кешегі сұмдық оқиғаға қатысты өткізілмек. Онда оқушы ерегісіп қалған сыныптасы мен араша түспек болған әйел мұғалімді пышақпен жаралап кеткен еді. "Біз болған оқиғаның қайталануын болдырмауға мүмкіндік беретін шаралар кешені…

0
0
307

Балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундауға 5,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді 

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов елімізде қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету және балалардың денсаулығын қорғау үшін вакциналар мен медициналық бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуға қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды. Фото: sjdhospitalbarcelona.orgҰлттық егу күнтізбесі шеңберінде уақытында екпе салынбай қалған 18 жасқа дейінгі балаларды иммундауға Үкімет резервінен 5 832 377 600 (бес миллиард сегіз жүз отыз екі миллион үш жүз жетпіс жеті мың алты жүз) теңге бөлінеді. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген талдау нәтижесінде Қазақстанда екпе алмаған 800 мыңнан астам бала анықталды. Көкжөтел, дифтерия, А және В вирусты гепатиттері, қызылша, қызамық, сіреспе, полиомиелит, паротит және гемофильді инфекция сияқты қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы т…

0
0
248

20 жылдан аса іздеуде жүрген ресейлік Астанадағы үйдің шатырынан табылды (видео)

Елордалық полиция 20 жыл іздеуде жүрген азаматты құрықтады.
undefined
Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресейдің 53 жастағы азаматын ұстады.
Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды.
Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі қаралуда.

t.me/POLICE_of_KZ

0
0
358

Белгородта снаряд тиіп, опырылып түскен подъезд үйіндісінің астынан 13 адамның денесі шығарылды

Белгородта үйінді астында қалып қаза тапқан адамдардың саны 13-ке жетті.

undefined

Фото: © РИА Новости

Бұрынырақ облыс губернаторы Вячеслав Гладков көпқабатты үйдің қираған подъезіндегі құтқару ісі түнімен жүргізілетінін айтқан еді.

«Қаза тапқандардың тізімі құтқару жұмыстары біткеннен кейін ғана жарияланады. Ал жұмыс толық атқарылып болғанша жүргізіле береді», –  деді ол.

Белгород кеше жаппай атқыланған еді. Бұл шабуыл Украина тарапынан болды делініп жатыр.

Сол кездегі санрядтардың бірі көпқабатты тұрғын үйдің ортасына келіп тиген.

0
0
245

Шымкентте нан-тоқаш өнімдері жанып кетті (видео)

Шымкентте наубайхана отқа оранды.

Еңбекші ауданында нан-тоқаш өнімдерін өндіретін бір қабатты цехта шатыр мен жабдықтар өртенді. Өрт сөндірушілер 1248 шаршы метр аудандағы өртті сөндіріп, өрттің ғимараттың 2500 шаршы метр бүкіл ауданына таралуына жол бермеді.

Өрт толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

t.me/qr_tjm

0
0
325

Қызылордада екі бала үшінші қабаттың балконынан құлап кетті

Қызылордада алты жасар бала мен жеті жасар қыз үшінші қабаттағы балконнан құлап кетті.

ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, олар сол сәтте ересектердің қарауынсыз қалған.

Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқыс оқиғаның басқа мән-жайы айтылмайды.

ТЖМ мына жайттарды еске салып отыр:
Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

0
0
473

Қазақстан мен Өзбекстан Дарбаза – Мақтаарал темір жолын бірлесіп салуға келісті

Осы тұрғыда екі ел арасындағы Жол картасына қол қойылды. Қазақстан және Өзбекстан Көлік министрлері Марат Қарабаев пен Илхом Махкамовтың кездесуі барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және әріптестікті одан әрі нығайту мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, көлік инфрақұрылымын салу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.Атап айтқанда, бүгінгі таңда "Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы" жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру екі ел арасындағы жүк өткізу қабілетін тағы 10 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.Автотасымалдар саласындағы ынтымақтастық туралы айта келе, елдер арасындағы автотасымалдар Үкіметаралық келісім негізінде…

0
0
322

Дертті жандарға қамқорлықтың 80%-ы мейіргерлердің мойнында – ДСМ

12 мамыр - Халықаралық мейіргер күні.Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда медициналық ұйымдарда 190 мыңнан астам орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде ауылда - 54 мыңнан астамы жұмыс ісуде.Олардың денсаулық сақтау саласының бастапқы секторындағы рөлі баға жетпес: науқастарға барлық қамқорлықтың 80%-ы мейіргерлерге жүктеледі.Мейіргерлер, әсіресе ауылдық жерлерде жұмыс істейтіндер, жаңа туған нәрестелерден бастап қарттарға күтім жасауға дейінгі медициналық көмектің толық спектрін қамтамасыз ете отырып, тұрғындардың денсаулығына үлкен жауапкершілік жүктейді.Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мейіргерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады."Мейіргерлер Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі ең көп кәсіби топтардың бірін құрайды. Уақыт талаптары…

0
0
255

Атырау облысында Жайықтың су деңгейі күн санап көтеріліп жатыр

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді.

Атырау облысында су тасқынына қарсы үйінді бөгендер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді. ҚР ТЖМ құтқарушылары тәулік бойы Қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізуде.

Соңғы 5 күн ішінде аймаққа су келуде. "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамыр сағат 09-00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:

Атырау - 538 см. Тәулігіне + 5 см.

Индербор ауданы 1033 см. Тәулігіне +7 см.

Махамбет ауданы 955 см. Тәулігіне +16 см.

Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бөкеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Одан әрі артады деп күтілуде.

0
0
450

Әзербайжан мен Армения СІМ басшыларының Алматыдағы келіссөзі аяқталды

Бүгін Алматыда Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлері Жейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян арасындағы келіссөз аяқталды.Дипломаттардың айтуынша, Алматы Достық үйінде өткен келіссөз екі мемлекет арасында бейбітшілік орнату туралы екіжақты келісім жобасын талқылауға көмектесті."Министрлер делимитация бойынша ілгерілеуді, сондай-ақ осы бағытта қол жеткізілген келісімдерді құптады", - делінген ресми хабарламада.Тараптар әлі де келісілмеген мәселелер бойынша келіссөзді жалғастыруға келісті."Сапар барысында министрлер Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен жеке және екіжақты форматта кездесті", - делінген хабарламада.Екі мемлекеттің сыртқы істер ведомстволарының басшылары қазақстандық әріптесіне республика ұсынған келіссөз алаңы үшін алғысын біл…

0
0
422