7 мамырда Қарулы Күштердің Жауынгерлік парады өтеді
Қазақстан тарихында 2013 жылғы 7 мамырда – Отан қорғаушылар күні тұңғыш рет Қазақстан Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өтеді. Үйреншікті әскери парадта әскери қызметшілердің саптық дайындығы және техника мен қару-жарақтың кейбір үлгілері сандық жағынан көрсетіледі. Жауынгерлік парадта офицерлер мен сарбаздардың кәсіби дағдысы, бөлімшелердің іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ Қазақстан армиясының қарамағындағы қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндігі көрсетіледі. 2013 жылғы 7 мамырда Гвардейск гарнизонының полигонында әскери бөлімшелер Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің заманауи қару-жарақ пен техниканы пайдалануының мүмкіндіктерін тактикалық және тәжірибелік тұрғыда көрсететін болады. Сонымен бірге Каспий акваториясындағы Қазақстан Әскери-теңіз күште…