Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаттығу шеңберінде арнайы операция өткізілді

Бүгін Гвардейск гарнизонының «Мәтібұлақ» полигонында «Шоқпар-2013» жедел-тактикалық командалық штабтық жаттығуы шеңберінде шекара заставасын заңсыз қаруланған топтан босату жөніндегі  шартты түрдегі тапсырманы орындау операциясы өткізілді.

Арнайы операцияны өткізу туралы нұсқау жаттығуды ұйымдастырушылардан кенеттен берілді. Жаттығуды ұйымдастырушы қолбасшылық Қорғаныс министрінің жаттығулардың барлық кезеңінде  кенеттен тапсырмалар беріп, кез-келген жағдайда командирлер мен бөлімшелер тез арада шешім қабылдауды үйренуіне дағдыландыру туралы нұсқауын осылайша жүзеге асыруда.
 

Арнайы операцияны ойластырушылардың негізгі ойлары бойынша 15 шекарашысы бар застава мен 20 тұрғын бар елді мекенге кенеттен белгісіз террористік топ шабуыл жасайды. Бұл үшін полигонда шартты түрдегі застава мен елді мекен жасалды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының таулы-егер бөлімшесінің жауынгерлері террористердің ролінде іс-қимыл танытты.
Елді мекенді  террористерден азат ету үшін оған ерекше дайындалған десантты-шабуылдаушылар бригадасы қолданылды. Десантшылар қас-қағым сәтте елді мекенді қоршауға алып, құтқару жұмыстарын жүргізді.
Арнайы операцияны жүргізу барысында жауынгерлердің байыпты  дайындық деңгейлері мен тапсырманы кез-келген жағдайда орындай алатындықтары, сондай-ақ командирлердің жағдайдың тез алмасуы барысында тиімді  әрі нақты шешім қабылдай алатындығы байқалды.
Біз мемлекеттің қауіпсіздігі мүддесі үшін Қарулы Күштер түрлері, әскер тектері және барлық әлеуетті құрылымдардың өзара іс-қимылын қарулы күреске қарсы пайдаланудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп келеміз. Біздің болашақта жетіле түсуімізді анықтайтын фактор ел Президентінің ұлттық қауіпсіздікке, сонымен бірге  Қазақстан Қарулы Күштерінің дамуына басты назары әрі  заманауй көзқарасы,-деп атап өтті оқу-жаттығудың жетекшісі Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев.
«Шоқпар-2013» жедел-тактикалық командалық штабтық жаттығуына «Оңтүстік», «Астана» өңірлік қолбасшылығының құрылымдары мен бөлімдері, Аэроұтқыр әскерлері, Әуе қорғанысы күштерінің армиялық авиациясы және басқа да  әлеуеттік құрылымдардың өкілдері қатысуда. Жаттығуға барлығы төрт жарым мыңнан астам әскери қызметшілер тартылған.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Арнайы операцияны өткізу туралы нұсқау жаттығуды ұйымдастырушылардан кенеттен берілді. Жаттығуды ұйымдастырушы қолбасшылық Қорғаныс министрінің жаттығулардың барлық кезеңінде  кенеттен тапсырмалар беріп, кез-келген жағдайда командирлер мен бөлімшелер тез арада шешім қабылдауды үйренуіне дағдыландыру туралы нұсқауын осылайша жүзеге асыруда. Арнайы операцияны ойластырушылардың негізгі ойлары бойынша 15 шекарашысы бар застава мен 20 тұрғын бар елді мекенге кенеттен белгісіз террористік топ шабуыл жасайды.

Бұл үшін полигонда шартты түрдегі застава мен елді мекен жасалды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының таулы-егер бөлімшесінің жауынгерлері террористердің ролінде іс-қимыл танытты. Елді мекенді  террористерден азат ету үшін оған ерекше дайындалған десантты-шабуылдаушылар бригадасы қолданылды. Десантшылар қас-қағым сәтте елді мекенді қоршауға алып, құтқару жұмыстарын жүргізді. Арнайы операцияны жүргізу барысында жауынгерлердің байыпты  дайындық деңгейлері мен тапсырманы кез-келген жағдайда орындай алатындықтары, сондай-ақ командирлердің жағдайдың тез алмасуы барысында тиімді  әрі нақты шешім қабылдай алатындығы байқалды.

Біз мемлекеттің қауіпсіздігі мүддесі үшін Қарулы Күштер түрлері, әскер тектері және барлық әлеуетті құрылымдардың өзара іс-қимылын қарулы күреске қарсы пайдаланудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп келеміз. Біздің болашақта жетіле түсуімізді анықтайтын фактор ел Президентінің ұлттық қауіпсіздікке, сонымен бірге  Қазақстан Қарулы Күштерінің дамуына басты назары әрі  заманауй көзқарасы,-деп атап өтті оқу-жаттығудың жетекшісі Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев.

«Шоқпар-2013» жедел-тактикалық командалық штабтық жаттығуына «Оңтүстік», «Астана» өңірлік қолбасшылығының құрылымдары мен бөлімдері, Аэроұтқыр әскерлері, Әуе қорғанысы күштерінің армиялық авиациясы және басқа да  әлеуеттік құрылымдардың өкілдері қатысуда. Жаттығуға барлығы төрт жарым мыңнан астам әскери қызметшілер тартылған.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі


 
0
0
426

Осы тақырып бойынша

Жаттығу шеңберінде арнайы операция өткізілді - Yvision.kz