Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Жылжымалы үгіт пункті жұмысын бастады

Қазақстан республикасы Қорғаныс министрлігі әскери қызметті үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін Астанада азаматтарды келісім шарт бойынша жинақтайтын жылжымалы үгіт пункті жұмысын бастады. Оның орналасқан жері – теміржол вокзалы. Армия туралы, әскери қызметтің шарттарын жұртшылыққа түсіндіре алатын Қарулы Күштердің өкілдері халыққа бұрынғыдан да жақындай түсті. Келісім шарт бойынша әскери қызметке жинақтау пунктінің қай жерде екенін білдіретін мемлекеттік және орыс тілінде жасалған үлкен екі билборд алыстан көз тартады. Пункт вокзалдың екінші қабатындағы күту залында орналасқан. Телевизиялық мониторларда әскери қызмет туралы бейне роликтер көрсетілуде. Жолаушылар Қарулы Күштер қатарына қабылдау туралы түсініктеме беретін журналдарды көріп, брошюра, буклеттермен танысуда…

0
0
516

Сержанттар тәжірибе алмасты

Астанаға сержант корпусының тәжірибесімен танысу мақсатында Украина Қарулы Күштерінің бас старшинасы Александр Косинский келді. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігінде кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан Қарулы күштерінің бас сержанты мастер-сержант Темірбек Халықов украиндық әріптесіне қазақстан армиясындағы сержанттар институтының құрылуы мен даму жолын таныстырды. Әскерлерді басқару жүйесіндегі бастапқы буын бола тұрып, сержанттар құрамы Қарулы Күштердегі ең көп командалық құрамның бірінен саналады. Әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығы сержанттардың беделіне, олардың жеке басының дайындығына, өзгеге үлгі әрі талап қоя білетіндігіне тікелей байланысты. Бұл Украина Қарулы Күштерінің бас старшинасының Қазақстанға алғашқы сапары. Украина армиясы сержанттар институтын құ…

0
0
446

Сержанттармен болған сабақ

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің 37 бөлімше командирі тартылған сержанттар құрамының дайындық курсы аяқталды. Іс-шараның негізгі мақсаты сержанттар құрамының әдістемелік және тәжірибелік дағдысын арттыру, жеке құрамға жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар жүргізудің сапасын жетілдіру болып табылады. Сабақтар барысында сержанттар жауынгерлік дайындық пен әскери тәртіпке қатысты мәселелерді талқылап, күнделікті қызметтегі тәжірибелерін алмасты. Жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеу бойынша офицерлік құраммен өзара іс-қимылды талқылауға айрықша көңіл бөлінді. Оқыту кезінде сержанттар арасында рольдік сабақтар жүргізілді. Мысалы, бағынысындағылар арасында қақтығыс бола қалған жағдайда сержанттардың шешім қабылдау тәжірибесі пысықталдды. – Бұл секілді сабақтар сержанттар құр…

0
0
643

Қорғаныс министрі НАТО өкілдерін қабылдады

Бүгін Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков НАТО Бас хатшысының Кавказ бен Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Джеймс Аппатура мен Орталық Азиямен өзара іс-қимыл жөніндегі НАТО-ның жаңа офицері Александр Винниковті қабылдады. – Қорғаныс министрлігі аймақтағы өзара іс-қимыл жөніндегі офицердің жаңаруын қолдайды. Бұл біздің Альянспен ынтымақтастығымызды тиімді үйлестіруге мүмкіндік жасайтындығына сенемін,-деп атап өтті Әділбек Жақсыбеков. – НАТО мен ынтымақтастықта Қазақстан үшін өзара байланыста басымдылық бітімгерлік бөлімшелерді жедел сыйысымдылықты қамтамасыз ету мақсатында оқытып-үйретуге негізделген. Практикалық тұрғыда ұлттық бітімгерлік әлеуеттің дамуына, біріккен жаттығударға қатысып оны жоспарлауда тәжірибе алмасуға, бейбітшілікті қолдау операцияларын жүргізуді жан…

0
0
367

Әскери-үйретілген резерв ақылы негізде әзірленеді

Қазақстан Қорғаныс министрлігінде азаматтарды ақылы негізде әскери-үйретілген резервке әзірлеу басталып кетті. Бұл 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» Заңына сәйкес жүзеге асырылуда. Дайындық «Әскери-техникаплық мектеп» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары филиалдарының базасында өткізіледі. Аталған дайындық түрі дәстүрлі мерзімді қызметке өзіндік балама болмақ. Азаматтарды оқуға іріктеуді жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады. Екі кезең бойынша оқыту белгіленді: наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсан айлары. 2013 жылы ақылы негізде 3000 азаматты оқыту жоспарланған. Бір ай оқыған мерзім ішінде азаматтар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастырады. Ол үшін Қарулы Күштер әскери бөлімдерінің полигондары мен тирлерінде жаттығ…

0
0
340

Әскери атташелер «Жас ұлан» мектебінде

Бүгін Астанада Қазақстанда тіркелген әскери-дипломатиялық корпустың өкілдері генерал Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінде болды. Делегация құрамында Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Пәкстан, Германия, Иран және басқа мемлекеттердің әскери атташелері. Қонақтарды Республикалық мектептің бастығы полковник Марат Ботин қарсы алды. Жоғарғы сынып оқушылары қонақтар үшін экскурсия ұйымдастырды. Шетелдік армиялардың өкілдері мектептің спорттық кешеніне барып, спортзал мен жүзу бассейнін, кітапхана мен аудиторияларды көрді. Экскурсия ұландардың тыныс тіршілігімен танысу, асхана мен оқушылардың жатын орындарын аралаумен жалғасты. Мектеп оқушылары генерал Нұрмағамбетов атыгндағы «Жас ұлан» республикалық мектебін шетелдік дипломаттарға шынайы мақтанышпен таныстырды. Себебі оқу орны Ортал…

0
0
469

Нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді

Бүгін Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарына жауапты лауазым иелерімен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді. Сабақты Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов жүргізді. Нұсқаулық-әдістемелік сабақтары барысында күзгі әскерге шақыру нәтижелері қорытындыланып, ағымдағы жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанына міндеттер қойылды. Шараға Қазақстан Қарулы Күштері түрлерін жинақтаубасқармаларының бастықтары, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер бастықтары, департамент бастықтарының орынбасарлары – келісім шарт бойынша әскери қызметке қабылдау және мерзімді әскери қызметке шақыру басқармаларының бастықтары тартылды. Сондай-ақ, нұсқаулық-әдістемелік са…

0
0
785

Қар құрсауынан шығарды

Қорғаныс министрлігіне қарасты 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қар құрсауында қалған тұрғындарға көмек көрсетті.

Ақмола облысының Бұлақсай елдімекені жанында далалық жаттығулар өткізіп жатқан әскерилерден қалың қарға батып қалған жүргізушілерден жәрдем көрсету туралы өтініш келіп түскен.Бөлім командирі полковник Айдар Әбдірахман ауыл тұрғындарына көмек көрсету мақсатында Камаз автокөлігін бөлді.

Келісімшарт бойынша старшина Қанат Айлақов жүргізетін жүк көлігі жол бойында батып қалған бірнеше жеңіл автокөлікті сүйреп шығарып, ауыл тұрғындарының алғысын алды.

 

ҚР ҚМ баспасөз қызметі

0
0
254

Әскерилер оқушылармен және студенттермен кездесті

Әскерилер оқушылармен және студенттермен кездесті Құрлық әскерлеріне қарасты «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында алда болатын Отан Қорғаушылары күні мен Жеңіс мерекесіне дайындық жұмыстары қызу қарқын алған. Аталған даталы күндерді мерекелеуге дайындық шеңберінде Семей қаласында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Бұл жұмыстарды Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасы мен қалалық әкімшілік бірлесіп іске асырды. Мәселен, Балалар мен жастар шығармашылығы сарайында «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының өкілдері "Батырлық пен батылдықтың 900 күні» атты Ленинградтағы блокада туралы Ерлік сабағын өткізді. Кездесуге Ұлы Отан соғысының ардагерлері шақырылды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының кеңесшісі запастағы генерал-майор Александр Мартынов баяндама ж…

0
0
614

Жауынгерлік парад өткізіледі

Қазақстан тарихында Қорғаныс министрлігі тұңғыш рет Жауынгерлік парад өткізеді. Бүгін Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков 2013 жылы Отан Қорғаушылар күнін мерекелеу құрметіне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парадына дайындалу және оны өткізу туралы бұйрыққа қол қойды. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға қосымшалар енгізіліп, Отан Қорғаушылар күні мемлекеттік мерекеге айналды. Қазақстан Қарулы Күштерінің 21 жылдығы құрметіне және осы датаны атап өту үшін Қазақстан тарихында 7 мамыр күні Гвардейск гарнизонының құрамалары мен әскери бөлімдері базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өткізілетін болады. Жауынгерлік парад барысында авиацияның және артиллерияның сүйемелдеуімен әскерлер…

0
0
442