Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Әскери полиция отряды дөңгелек үстел өткізді.

Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция отрядында Қазақстан психологтар ассоциациясының президенті Владимир Стеблянконың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Алматы өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінен өкілдер қатысты. Әңгіме өскелең ұрпақты тәрбиелеу ерекшеліктері жөнінде болды. Себебі әскерге баратын да осы өскелең ұрпақтың өкілдері екендігі белгілі. Сондықтан командирлердің тәрбие жөніндегі орынбасарлары әскери бөлімдердің психологтарымен бірлесе отырып, армияға шақырылатын жастағы бозбалаларды тәрбиелеу процестерінің және психологиялық ерекшеліктерін оқып үйренулері тиіс. Бұл жерде тәртіп бұзуға бейім жастарды ерте анықтау да назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ, дөңгелек үстел өткізу барысында қатысушыларға әртүрлі психологиялық тренингтер өткізілді. Алматы…

0
0
318

Ұлттық қорғаныс университетіндегі Білім күні

Еліміздегі әскери білім ордаларында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шаралар болып өтті. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов әскери білімнің қара шаңырағы Ұлттық қорғаныс университетінде болды. Бас штаб бастығы тыңдаушылар алдында «Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны» тақырыбында дәріс оқыды. Генерал-полковник С. Жасұзақов өз дәрісінде Қарулы Күштерді қолданудың негізгі бағыттары, ҚР ҚК дамуының негізгі бағыттары және жауынгерлік тапсырмаларды шешудегі командирлердің дербес шешім қабылдауы сияқты мәселелерге тоқталып өтті. – Әскери мамандар – армияның болашағы, – деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабының бастығы. – Елбасы – Қарулы Күштерд…

0
0
265

НАТО сарапшылары қазақстандық әскерилерді жоғары бағалады

Іле полигонында «Дала қыраны – 2013» халықаралық бітімгерлік жаттығуы аяқталды. Әлемнің 12 елінен келген әскери қызметшілер екі апта бойы бірлескен бітімгерлік операцияларды өткізудің қыр-сырларын меңгерді. «Қазбаттың» жауынгерлері әскери дайындықтарының жоғары деңгейде екендіктерін көрсетті. Шетелдік әріптестер қазақстандық әскери қызметшілердің үздік нәтижелерін атап өтті. «Қазбаттың» патрульдік десантты шабуылдаушы бригадасы елді мекенді тазарту, миналарды залалсыздандыру, жаралыларды тікұшақпен тасымалдау және гуманитарлық жүктерді алып жүру сияқты шараларды жүзеге асыруға қатысты. Сонымен бірге қазақстандық бітімгерлер «Дала қыраны – 2013» халықаралық бітімгерлік жаттығуына қатысушы елдер қарулы күштерінің өкілдерімен бірге блок-постқа жасалған шартты түрдегі содырлардың шабуылын той…

0
0
285

Жауынгерлік достастық – 2013

Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің нақты жауынгерлік атыстарды қамтыған «Жауынгерлік достастық – 2013» тактикалық жаттығуларының шешуші кезеңі өтеді. ТМД елдері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің біріккен тактикалық жаттығуларына ҚР ҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінен заманауй ұшақтар мен қанатты ракеталарды жоюға мүмкіндігі бар әртүрлі модификациядағы зенитті-ракеталық кешендер тартылған. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жауынгерлік есептоптары әуедегі нысаналарды және қанатты ракетеларға ұқсас реактивті снарядтарды зениттік-ракеталық кешендер арқылы жоюды, сондай-ақ әуедегі қарсыласты алдын-ала тауып істен шығара білуді жүзеге асырады. Жалпы жаттығу барысында полигонда өте…

0
0
419

Әскери міндеттілер оқуға кірісіп кетті

Ақтау гарнизонындағы ҚР ҚК Әскери-теңіз күштеріне кіші мамандар даярлайтын «Оймаша» оқу орталығының базасында әскери міндеттілерді әзірлеудің кезекті сабақтары басталып кетті.

Жиынға Ақтөбе облысының аудандарынан 27-30 жас аралығындағы бұған дейін әртүрлі себептермен әскери қызметін өтей алмай қалған 50 әскери міндетті тартылып отыр.
Әскери ант қабылдағаннан кейін жиынға келген азаматтар бір ай бойы әскери істің қыр-сырымен танысып, әскери техника мен қару-жарақтың материалдық бөлігін оқып үйреніп, оны ұрыста пайдалана білуге дағдыланады, дене тәрбиесімен айналысады. Осыдан кейін барып оқыған сабақтары бойынша сынақ тапсыратын болады.
Жиын аяқталған соң әскери міндеттілерге сертификаттар тапсырылып, қатардағы жауынгер және  сержант атақтары беріледі.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
291

Болашақ офицерлер ант қабылдады

Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында биыл оқуға түскен 300-ден астам курсант Қазақстан халқына мен Елбасына адалдықтарын білдіріп, әскери ант қабылдап серт берді.

Бұл күні жас толқынды әскери ант қабылдауымен құттықтау үшін Алматы қаласы әкімшілігі мен әскери және азаматтық жоғары оқу орындарынан өкілдер, сондай-ақ соғыс және  Қарулы Күштер ардагерлері, курсанттардың туған туыстары келді.

Бүгінгі салтанатқа қатысып ант қабылдаған болашақ офицерелер енді төрт жылдан кейін Қазақстанның ұтқыр да ұтымды жоғары технологиялы, кәсіби армиясының өсіп өркендеп дамуына өз үлестерін қосатын болады.  

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
496

Қазақстан армиясын жетілдіру –жалпыұлттық ауқымдағы міндет

Астана қаласындағы «Radisson SAS» мейманханасының конференц залында халықаралық әскери-ғылыми конференция өткізілді.

Конференцияда Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жетілдіру, техникалық жағынан жабдықтау, Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, ғылымның соңғы жетістіктерін, материалдар мен технологияны пайдалана отырып, әскерлерді келешекте заманауй қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықтау қарастырылды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
405

«Жасұландықтар» жеңіспен оралды

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас ұлан» мектебінің түлектері Ресей Федерациясының Анапа қаласында өткен «Отанға – қызмет, Достықта жоқ шекара» атты Бірінші халықаралық суворовшы-нахимовшы әскери-жастардың алқалы жиынына барып қайтты. Жиынға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь, Украина және Армения Республикаларынан өкілдер қатысты. «Вита» демалыс орнында өткен шуақты шарада форумның жалауы көтеріліп, Суворовқа ескерткіш ашылды. Минскі Суворов әскери училищесінің тұңғыш түлегі «Кадеттер бауырластығы» Халықаралық Ассоциациясының төрағасы запастағы генерал-полковник Чаус Петр Григорьевич ескерткішті ашу құрметіне ие болды. Форумды өткізу барысында әскери мектеп түлектері Новороссийск қаласындағы Әскери теңіз базасында болып, Ресей Федерациясы Әскери-теңіз Флот…

0
0
358

Басты мақсат – жемқорлыққа жол бермеу

Астана қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға арналған бірлескен жиналыс өткізілді. Оның жұмысына ҚР ІІМ Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасының өкілдері мен  Астана қаласы аудандарының  қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен басқармаларының жеке құрамы қатысты.

   

Жиналыста жемқорлыққа қарсы әрекет ету бағдарламасын жандандыру, оның іске асу ықтималдығын азайту, жемқорлыққа қарсы дүниетанымды дамыту мәселелері аталып өтті.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
269

Взводтар жауынгерлік жаттығуларға төселуде

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінде взводтардың жауынгерлік жаттығуларға төселуі жөніндегі шаралар мәресіне жетпек. Взводтардың жауынгерлік жаттығуларға төселуі жөніндегі шараларды өткізу мотоатқыш, барлаушы, танктік, десанттық шабуылдаушы, зениттік-ракеталық взводтарға арнайы жасалған тақырыптар бойынша жүзеге асырылды. Жеке құрамға әртүрлі жағдайларда ұрыс қимылдарын оқытып-үйрету мақсатында сабақтар қарастырылды. Жауынгерлік әзірлік бойынша өткізілген шаралардың негізгі ерекшеліктерінің бірі Аэроұтқыр әскерлері взводтары үшін тактикалық және әуе десантын түсіру болып табылды. Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінде өткізілген жаттығуларға төселу жөніндегі шаралардың қорытындысы: жеке құрам взвод құрамында ұрыс қимылдарын жүргізу…

0
0
281