Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Взводтар жауынгерлік жаттығуларға төселуде

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінде взводтардың жауынгерлік жаттығуларға төселуі жөніндегі шаралар мәресіне жетпек.

 

 

Взводтардың жауынгерлік жаттығуларға төселуі жөніндегі шараларды өткізу мотоатқыш, барлаушы, танктік, десанттық шабуылдаушы, зениттік-ракеталық взводтарға арнайы жасалған тақырыптар бойынша жүзеге асырылды. Жеке құрамға әртүрлі жағдайларда ұрыс қимылдарын оқытып-үйрету мақсатында сабақтар қарастырылды.

   

Жауынгерлік әзірлік бойынша өткізілген шаралардың негізгі ерекшеліктерінің бірі Аэроұтқыр әскерлері взводтары үшін тактикалық және әуе десантын түсіру болып табылды.

   

Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінде өткізілген жаттығуларға төселу жөніндегі шаралардың қорытындысы: жеке құрам взвод құрамында ұрыс қимылдарын жүргізуде мол тәжірибе жинақтады. Үйренуші әскери қызметшілер ұрыс кезіне жақындатылған жағдайда әрекет етіп ұрыс даласында өзара іс қимыл жасауға дағдыланды. Бұл кез-келген тапсырманы орындаудың негізі болып саналады.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
281

Осы тақырып бойынша

Взводтар жауынгерлік жаттығуларға төселуде - Yvision.kz