Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жауынгерлік достастық – 2013

Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің нақты жауынгерлік атыстарды қамтыған «Жауынгерлік достастық – 2013» тактикалық жаттығуларының шешуші кезеңі өтеді.

 

 

ТМД елдері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің біріккен тактикалық жаттығуларына ҚР ҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінен заманауй  ұшақтар мен қанатты  ракеталарды  жоюға мүмкіндігі бар  әртүрлі модификациядағы зенитті-ракеталық  кешендер тартылған.

   

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жауынгерлік есептоптары әуедегі нысаналарды және қанатты ракетеларға ұқсас реактивті снарядтарды зениттік-ракеталық кешендер арқылы жоюды, сондай-ақ  әуедегі қарсыласты алдын-ала тауып істен шығара білуді жүзеге асырады.

   

Жалпы жаттығу барысында полигонда өтетін шараға тартылған басқа мемлекеттердің өкілдерімен ӘШҚҚ әскерлері бөлімшелерінің өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ, өздеріне жүктелген тапсырмаларды сауатты орындау үшін жеке құрамның моралдық-психологиялық дайындығы мен жоғары жауынгерлік әзірлігі де пысықталады.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
417

Осы тақырып бойынша

Жауынгерлік достастық – 2013 - Yvision.kz