Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жасұландықтар» жеңіспен оралды

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас ұлан» мектебінің түлектері Ресей Федерациясының Анапа қаласында өткен «Отанға – қызмет, Достықта жоқ шекара» атты  Бірінші халықаралық  суворовшы-нахимовшы әскери-жастардың алқалы жиынына барып қайтты.

Жиынға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь, Украина және Армения Республикаларынан өкілдер қатысты. «Вита» демалыс орнында өткен шуақты шарада форумның жалауы көтеріліп, Суворовқа ескерткіш ашылды. Минскі  Суворов  әскери училищесінің тұңғыш түлегі  «Кадеттер бауырластығы» Халықаралық Ассоциациясының төрағасы запастағы генерал-полковник Чаус Петр Григорьевич ескерткішті ашу құрметіне ие болды.

Форумды өткізу барысында әскери мектеп түлектері Новороссийск қаласындағы Әскери теңіз базасында болып, Ресей Федерациясы Әскери-теңіз Флотына  қарасты Қара теңіз флоты жеке құрамының жауынгерлік дәстүрімен және тұрмысымен танысты. Жасұландықтар мини-спартакиадаға қатысып баскетбол мен қол күрестіруден жоғары нәтиже  көрсетіп бірінші орын иемденді. Әуе десанты әскерлері дивизиясының полигонында өткен АК-74 қаруынан нысана көздеуде «Жас ұлан» республикалық мектебінің түлектері жеке біріншілікте биіктен көрініп,  грамоталармен және «Кадеттер бауырластығы» Халықаралық Ассоциациясы атынан сағаттармен  марапатталды.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
356

Осы тақырып бойынша

«Жасұландықтар» жеңіспен оралды - Yvision.kz