Тұңғыш түлектер әскери оқұ орнында бас қосады
Ағымдағы жылдың 24 тамызы күні Құрлық әскерлерінің Әскери институтында Алматы жалпы әскери командалық училищесін тұңғыш бітірушілер кездесу өткізбек. Қазақстан Қарулы Күштеріне әскери мамандар даярлаудың ұстаханасы саналатын Құрлық әскерлерінің Әскери институты әскери мамандар әзірлеуде маңызды роль атқарады. Өзінің 43 жылғы тарихында Құрлық әскерлерінің Әскери институты Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты. Қазақстан армиясы жауынгерлік әлеуетінің ажырамас бөлігі саналатын оқу ордасының түлектері бүгінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік тапсырманы лайықты әрі абыроймен атқарып, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға және Достатстық елдерінің ұлттық және ұжымдық қауіпсіздігін қамтамас…