Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Қарулы Күштерде жаңа оқу жылы басталды

2014 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды. Жаңа оқу жылының басталуына орай ҚР Қорғаныс министрлігінде өткен сабақта Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қарулы Күштердің басшылық құрамы алдында Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы мен Қорғаныс министрінің 2014 оқу жылына қойған жауынгерлік тапсырмаларын нақтылап өтті. Осы күні әскери бөлімдерде жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар өткізіліп, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету, сондай-ақ, парк-шаруашылық күндері барысында жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, жауынгерлік есептоптарды жеткізу бойынша кешенді сабақтар өткізілді. Бұл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери басқару органдарының, әскери…

0
0
278

Әскери қызметшілер қоныс тойын тойлады

Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Аягөз гарнизонында күрделі жөндеуден өткізілген 80 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді, сондай-ақ Талдықорған гарнизонында әскери қызметшілерге жаңа 16 пәтердің кілті табыс етілді. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері жаңа пәтерлерге қоныстанып, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықты тікелей сезінуде. Шалғай гарнизондарда қызмет атқаратын әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде атқарылып келе жатқан жұмыс олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған. 2013 жыл ішінде пәтерлер мен жатақханалардың кілттеріне республикамыздың түкпір-түкпірінде орналасқан әскери бөлімдердің әскери қызметшілері ие болды. Өткен жыл басынан бері жалпы ауданы 27189 шаршы метр болатын 535 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 113 пәтер…

0
0
224

Әуе кеңістігінің күзеті нығая түсті

2014 жаңа жылды мерекелеу қарсаңында Жетіген авиациалық базасында Беларусь Республикасының Барановичи қаласынан Қазақстанның Әскери-әуе күштері үшін жеткізілген Су-27 ұшақтарының кезекті партиясын қабылдау рәсімі болды.
Іс-шараға Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов қатысты.
Мемлекеттік мерекелер алдында Қазақстанның Әскери-әуе күштері  шапшаңдығы дыбыс жылдамығынан жоғары ұшатын күрделі жөндеуден өткен «Су» тобының 4 жойғыш ұшағын қабылдап алды. Ұшақтар Алматы облысындағы Жетіген әуеайлағына келіп жетті. Су-27 – Қазақстан армиясының сапындағы негізгі көп функциялы ұшақ. Осылайша, әскери-әуе күштеріне күрделі жөндеуден кейін жеткізілген Су-27 ұшақтарының саны Отанымыздың әуе кеңістігін сенімді қорғауға мүмкіндік береді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
0
221

ҚР Қорғаныс министрлігі «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілерін жаңа жылдық қабылдау өткізді

Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығында армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі тыңдаушыларын жаңа жылдық қабылдау болып өтті.

Дәстүрге сай Қорғаныс министрлігінің басшылығы жаңа жыл қарсаңында осы мектепте оқитын оқу озаттарымен, жетім балалармен және аз қамтылған отбасылардан шыққан тәрбиеленушілермен кездеседі. Бұл жолы «жасұландықтарға» елорда мектептерінің оқушылары да қонаққа келді.

Қорғаныс ведомствосының өкілдері болашақ Отан қорғаушылар үшін мерекелік сазды-театрландырылған қойылымдар ұйымдастырды, сыйлықтар табыс етті.

«Жас ұлан» республикалық мектебінде оқушылар әскери бағыттағы орта білім алып шығады. Олардың көбі мектепті бітірген соң республикамыздың және шет елдердің әскери оқу орындарына қабылданады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
405

Өзара сенім: Пекинде қазақстандық әскери сарапшылар Бірлескен бақылау тобының кезекті сессиясына қатысты

Пекинде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы және Шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы «Шанхай» және «Мәскеу» келісімдерін орындау жөніндегі Бірлескен бақылау тобының кезекті сессиясына қатысты. Осы халықаралық кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Қытай әскери-дипломатиялық өкілдері қатысты. Тараптар «Шанхай» және «Мәскеу» Келісімдері ережелерін орындау барысын, 2013 жылғы инспекциялық қызметтің қорытындысын талдады. Сондай-ақ 2014 жылға арналған инспекциялық қызмет жоспары келісіліп, бекітілді, Келісімдерге қатысушы мемлекеттер арасындағы ақпараттық байланыс желісінің жұмысы мәселелері, Тараптардың инспекциялық топтарына арналған кіру және шығу шекара пункттерінің тізбесі қаралды. С…

0
0
341

Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері жыл қорытындысын шығарды

Бүгін Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық және екі ел қорғаныс-өнеркәсіп кешендері арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Екі ел қорғаныс ведомстовларының басшылары 2013 жылғы бірлескен жұмыстарды қорытындылай келе Қазақстан мен Ресей арасында қорғаныс және қауіпсіздік саласында толық өзара түсіністікке қол жеткізілгенін атап өтті. Екі ел арасындағы қару-жарақ саласындағы тауар айналымы алғаш рет ең жоғары деңгейге, яғни, 140 млн. АҚШ долларына жетіп отыр. Ағымдағы жылғы қызметтің нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын, екі е…

0
0
274

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері жолда қалған 120 адамды құтқарды

Қазақстан армиясының әскери қызметшілері Қарағанды облысының аумағындағы жолда қалып қойған 120 адамды құтқарды. 36352 әскери бөлімінің құтқару жасағы қарлы боранның қақпанына түскен автокөліктерді алып шығу үшін 4 сағат бойы жол тазалаумен айналысты. Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Алматы-Екатеринбург трассасында Қарағанды қаласынан 47 шақырым қашықтықта Ақбастау кентінің маңында боранды күні 12 жүк көлігі, 10 жеңіл автокөлік, сондай ақ жүргіншілер мінген 2 автобус жолда қалған. Қар үйінділерінің биіктігі кей жерлерде 2 метрге дейін жеткен. Машиналарды эвакуациялау үшін Спассктегі оқу-жаттығу орталығының қолбасшылығы 2 автомобиль мен бір шынжыр табанды техника бөлді. Операция табысты аяқталып, әскери қызметшілер жүргізушілердің Қарағанды қаласына дейін жетіп алуына көмектесті. Қар…

0
0
315

Парламент қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ бітімгершілік операцияларына қатысуын мақұлдады

Бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысы болып, онда депутаттар Мемлекет басшысының қазақстандық әскери қызметшілерді БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына және бақылаушылар ретінде жіберу жөніндегі үндеуін қолдады. - Бұл Қазақстан Қарулы Күштері дамуындағы маңызды қадам – біздің офицерлеріміз бітімгершілік операцияларына қатысу бойынша құнды тәжірибе жинақтап, халықаралық ортада жұмыс істеуге машықтанады. Бітімгершілік саласындағы қазіргі заманғы рәсімдер зерделеніп, оларды біздің бітімгершілік бөлімшелерімізді даярлауға енгізетін боламыз, - деді қорғаныс ведомствосының басшысы. Осы бағыттағы қызметтің маңыздылығы әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттің беделін нығайтудың өзекті болуымен айқындалады. Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік қызметінің рөлі айтарлықтай: Б…

0
0
530

Елбасы Парламентке БҰҰ миссияларына қазақстандық әскерилерді жіберу туралы Үндеу жолдады

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлерін БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін бақылаушылар ретінде жіберу туралы Үндеуі жарияланды. Бірлескен отырыс барысында Қорғаныс министрі Ә. Жақсыбеков Елбасының БҰҰ бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына бақылаушылар ретінде қазақстандық әскери қызметшілерді жіберу туралы Парламентке Үндеу жолдауды жүктегенін айтып, Президент үндеуін депутаттар алдында оқып берді. «Соңғы жылдары әлемдік қоғамдастықтың дүние жүзінің түрлі өңірлеріндегі қарулы жанжалдарды бейбіт реттеуге жәрдемдесуге бағытталған бітімгершілік операциялары деңгейіндегі күш-жігері елеулі арта түсті. Статистикаға сәйкес, 1992 жылдан бері әлемде мемлекетаралық жан…

0
0
244

ӘҚК бас қолбасшысы Балқаш гарнионанда болды

Қазақстан Қарулы Күштері Әуе Қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов Балқаш гарнизонындағы ұшу құрамын даярлау жөніндегі оқу-авиациялық орталығында болды. Бас қолбасшы дербес әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің ротасын, командалық пунктті, жауынгерлік даярлық деңгейін, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін және орталық оқу-материалдық базасын тексерді. Бұдан басқа, тәрбие жұмыстарының тиімділігі және командирлердің құқық тәртібі мен әскери тәртіпті қолдау жөніндегі қызметі бағаланды. Нұрлан Орманбетов Балқаш гарнизоны аудандық пайдалану бөлімінің бастығымен ӘҚК бөлімдерін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Авиация генерал-майоры авиациялық оқу орталығының ұшулар жүргізуіне тікелей өзі қатысып, ұшу құрамының даярлық деңгейін және экипаждар…

0
0
349