Әскери қызметшілер қоныс тойын тойлады
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері жаңа пәтерлерге қоныстанып, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықты тікелей сезінуде.
Шалғай гарнизондарда қызмет атқаратын әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде атқарылып келе жатқан жұмыс олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған.
2013 жыл ішінде пәтерлер мен жатақханалардың кілттеріне республикамыздың түкпір-түкпірінде орналасқан әскери бөлімдердің әскери қызметшілері ие болды.
Өткен жыл басынан бері жалпы ауданы 27189 шаршы метр болатын 535 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 113 пәтер күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалпы ауданы 14 653 шаршы метрді құрайтын 245 пәтер сатып алынды.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
