Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Қорғаныс министрлігі «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілерін жаңа жылдық қабылдау өткізді

Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығында армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі тыңдаушыларын жаңа жылдық қабылдау болып өтті.

Дәстүрге сай Қорғаныс министрлігінің басшылығы жаңа жыл қарсаңында осы мектепте оқитын оқу озаттарымен, жетім балалармен және аз қамтылған отбасылардан шыққан тәрбиеленушілермен кездеседі. Бұл жолы «жасұландықтарға» елорда мектептерінің оқушылары да қонаққа келді.

Қорғаныс ведомствосының өкілдері болашақ Отан қорғаушылар үшін мерекелік сазды-театрландырылған қойылымдар ұйымдастырды, сыйлықтар табыс етті.

«Жас ұлан» республикалық мектебінде оқушылар әскери бағыттағы орта білім алып шығады. Олардың көбі мектепті бітірген соң республикамыздың және шет елдердің әскери оқу орындарына қабылданады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
407

Осы тақырып бойынша

ҚР Қорғаныс министрлігі «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілерін жаңа жылдық қабылдау өткізді - Yvision.kz