Қарулы Күштерде жас буын ант қабылдады
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жас сарбаздар әскери ант қабылдады. 2013 жылдың күзінде төл Армиямызға әскери қызметке шақырылған мың жарымға жуық мерзімді қызметтің әскери қызметшілері Отанға адалдыққа серт берді. Әскер қатарына жаңадан алынған жас жігіттер Тараз, Талдықорған, Қапшағай, Приозерск қалаларында, Отар, Боралдай кенттерінде Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің арнайы әскерлер мен байланыс әскерлерінің бөлімдерін толықтырды. ҚР Қарулы Күштерінің қатарына жаңа қосылған әскери қызметшілердің ант қабылдауы салтанатты жағдайда өтті. Рәсімге командирлер мен қызметтестерден басқа шақырылған қонақтар мен ата-аналар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ардагерлер қатысты. Мерзімді қызметтің сарбаздары ант қабылдағаннан кейін кіші мамандарды даярлау бағдарлам…
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас ҚолбасшысыНұрсұлтан Назарбаев ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеевті наградтады. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы полковник Қайрат Баймаханов Мемлекет басшысының қолынан ІІ дәрежелі айбын орденін алды.