Қарулы Күштерде жаңа оқу жылы басталды
2014 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды. Жаңа оқу жылының басталуына орай ҚР Қорғаныс министрлігінде өткен сабақта Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қарулы Күштердің басшылық құрамы алдында Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы мен Қорғаныс министрінің 2014 оқу жылына қойған жауынгерлік тапсырмаларын нақтылап өтті.
Осы күні әскери бөлімдерде жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар өткізіліп, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету, сондай-ақ, парк-шаруашылық күндері барысында жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, жауынгерлік есептоптарды жеткізу бойынша кешенді сабақтар өткізілді. Бұл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери басқару органдарының, әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамын жоғары жауынгерлік әзірлікке келтіру жұмысын үйлестіру мен жеке құрамның іс-қимылдардағы тәжірибелік дағдыларын жетілдіретін болады.
