Мазмұнға өту
minenergo

Мин.энерго РК

@minenergo

Сайтта 2016 ж. 8 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

791

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

0

ҚР МӨЗ-де 2017 жылғы қаңтар-маусым айларында мұнай өңдеу бойынша ақпарат

ҚР МӨЗ-де 2017 жылғы қаңтар-маусым айларында 7 338,3 мың тонна мұнай өңделді (2016 жылға 105,4% және 2017 жылдың жоспарына 105,8 %,) соның ішінде: ПМХЗ – 2 648,7 мың тонна, 2016 жылға - 113,1 % ПКОП – 1 895,5 мың тонна, 2016 жылға - 80,2 % АМӨЗ – 2 508,3 мың тонна, 2016 жылға - 119,6 % CASPI BITUM – 285,9 тонна, 2016 жылға 183,1 % ҚР МӨЗ-де: - бензин - 1 544,8 мың тонна (2016 жылға 102,4 %; 2017 жылдың жоспарына 116,0 %); - авиакеросин* - 110,6 мың тонна (2016 жылға 79,5%; 2017 жылдың жоспарына 100,4%); - дизель отыны - 2 127,7 мың тонна (2016 жылға 104,9 %; 2017 жылдың жоспарына 111,1 %); - мазут - 1 515,5 мың тонна (2016 жылға 111,1 %; 2017 жылдың жоспарына 98,1 %) өндірілген. * керосин өндірісінің төмендеуі «ПКОП» ЖШС-да а.ж. 20 наурызынан 1 мамырына дейін өткізілген ЖАЖ-ға негізделген…

0
0
250

Ақтаудағы газ тапшылығы жойылады

Ақтаудағы сұйық газ тапшылығы 2-3 күн ішінде жойылатын болды. Аймаққа қосымша 2 мың тоннадай газ жеткізілмек. Мәселеге Энергетика министрлігі араласқан. Ведомствоның газ өнеркәсібі департаментінің жетекшісі Маңғыстау өңірінде газ тұтыну көлемі өзге аймақтардан жоғары екенін айтады. Мұнда барлық көліктің 70 пайызы сұйытылған газды пайдаланады. Облыстың ай сайынғы сұранысы 14 мың тонна төңірегінде. Бұл жолғы тапшылық маусымдық құбылысқа орай болған. Зияш Қияқбаев, ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры: Бүгін-ертең бірінші партия Маңғыстау өңіріне қарай шығады, Жаңажол газ өңдеу зауытынан. Барлығы ойдағыдай болса, 3-4 күнде бірінші партия жетеді, тапшылықты жоямыз деп отырмыз. Өңірде сұйық отын тапшы. Қалада көлік жүргізушілерінің ұзын-сонар кезегі қалыпт…

0
0
442

Маңғыстау облысындағы СМГ-ның жағдайы туралы

ҚР-да сұйытылған мұнай газын (СМГ) ең көп тұтыну Маңғыстау облысында байқалады. Маңғыстау облысында СМГ-ны ай сайынғы тұтыну 13-14 мың тоннаны құрайды. Осы облыста СМГ-ның негізгі жеткізушісі «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС болып табылады. Олар ай сайын өндіретін 13-14 мың тонна СМГ-ны 100% Маңғыстау облысының ішкі нарығына жібереді. «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңы 27-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі нарығының сұйытылған мұнай газына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Министрлік әр айдың 25-ші күніне дейін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын (Беру жоспары) бекітеді. СМГ-ның қажетті көлемімен қамтамасыз ету туралы шешім ҚР ішкі нарығына СМГ көлемін бөлу жөніндегі Комиссияның отырысында қабылданады (бұдан әр…

0
0
482

Елімізде электр энергиясын тасымалдайтын кәсіпорындардың саны қысқарады

«Қазақстанда 2022-інші жылға қарай электр энергиясын тасымалдайтын ұйымдардың саны 30 пайызға қысқарады. Яғни кәсіпорындардың санын 110-ға дейін азайту көзделіп отыр. Бірақ бәсекеге қабілетті орта сақталады». Бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте Энергетика министрінің орынбасары осылай деді. Бақытжан Жақсалиев иесіз электр желілері энергия беретін ұйымдарға берілетінін жеткізді. Бұл жұмыс соңғы 20 жылда шешімін таппай келген еді. Сондай-ақ әр өңірде қуат көзіне тарифтер де әртүрлі. Бұл мәселені шешу үшін «бірыңғай сатып алушы» моделі енгізіледі. Бақытжан Жақсалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары: – Электр энергиясы кешенін ырықтандыру процесінде тауардың құны сатып алған жеріндегі бағамен бірдей. Бұл – электр энергиясын өндіру әр аймақта әрқалай деген сөз. Сонымен қатар тасымалдау шы…

0
0
241

Астанада Қазақстан және Еуропалық Одақ арасында энергетика саласындағы ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру бойынша 7-ші сарапшылар отырысы өткізілді

2017 жылғы 25 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ арасында энергетика саласындағы ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру бойынша 7-ші сарапшылар отырысы өткізілді. Қазақстандық делегацияны Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, еуропалық делегацияны – Еуропалық Комиссияның энергетика мәселелері жөніндегі Бас директордың орынбасары Герасимос Томас басқарды. Отырыс барысында тараптар халықаралық энергетикалық нарықтардағы өзгерістерді талқылады, сондай-ақ Қазақстан мен ЕО-ның аталған бағыттағы саясаты, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және инвестициялық климат, энергетикалық көліктік инфрақұрылым және тұрақты энергия жөніндегі ақпаратпен алмасты. Қазақстандық тарап Еуропалық Одақтың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне…

0
0
245

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған өлең (өзі шығарған) байқауының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 22 маусымнан 17 шілдеге дейін ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған үздік өлеңге (өзі шығарған) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қызметкерлері арасында байқау өткізілді. Байқауға Министрліктің 13 қызметкері қатысты. Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері: – Қазақстанның ең көлемді ұлттық жобасы - ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесімен ҚР Энергетика министрлігінің қызметкерлерін таныстыру; – ҚР Энергетика министрлігі қызметкерлерінің экология тақырыбында ойлануына себепші болу, сондай-ақ энергетиканың өзекті мәселелері мен энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану туралы білімді қалыптастыру; – дарынды қызметкерлерді қолдау болып табылады. Байқаудың талаптары: - өлең мазмұнының ерекшелігі мен тереңдігі; - байқау тақырыбы…

0
0
628

Гидрологиялық болжамдарды жақсарту мақсатында, ДМҰ, АҚШ және Еуропа ұлттық гидрометеолық қызметінің сарапшылары тартылды

2017 жылғы 14 шілдеде 2016 жылы және 2017 жылы І жартыжылдық қорытындысы бойынша, «Қазгидромет» РМК-ның - кеңейтілген отырысы өткізілді. Отырысқа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы (бұдан әрі – ҚР ЭМ ЭРБК) Нұрлыбаев Сәбит және ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің жауапты қызметкерлері қатысты. РМК «Қазгидромет» бас директоры Марат Кынатов экологиялық, гидрологиялық және метеорологиялық мониторингтің нәтижелерін атай отырып, гидрологиялық болжау сапасын жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы баяндады: «Бүгінгі күнге өткен ғасырдың 80-ші жылдарындағы техниканы пайдаланған болатын. 2018 жылдан бастап гидрологиялық болжамдарға арналған жаңа үш әдістеме қолдану жоспарлану…

0
0
773

Қытай атомдық технологиялар дамыту бойынша семинар

2017 жылғы 10 шілдеде Астана қаласында Қытай ұлттық павильоны ғимаратында Қытай ұлттық ядролық корпорациясы «Чжуньюань» Қытай инженерлік корпорациясының (CNNC CZEC) ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде Қытайлық атомдық технологияларды дамыту бойынша семинар өтті. Семинарда кадрлар даярлау, АЭС жобалау және оны салуда тәжірибе алмасу бойынша мәселелер талқыланды, сондай-ақ HPR1000, ACP100 реакторларының технологиялары қаралды. Семинарға ҚР Энергетика министрлігі, ведомствоға қарасты ұйымдар («ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазақстанның ядролық қоғамы» ассоциациясының және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілде…

0
0
212

Астанада «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы» форумы өтті

Келесі жылы Астана EXPO 2017 көрмесінің аумағында Халықаралық жасыл технологиялар орталығы ашылады. Бұл туралы «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясының» төрайымы Салтанат Рахымбекова хабарлады. Оның айтуынша, қазір дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бүгін де форум аясында саланы дамытуға бағытталған бірқатар меморандумға қол қойылды. Орталықты іске қосу үшін Қазақстанға әлемнің ең үздік технологиялары тартылады. Ал жобаны қаржыландыруға халықаралық ұйымдар мен жеке компаниялар инвестор ретінде шақырылады. Салтанат Рахымбекова, «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясының» төрайымы: - Қаржы мәселелері қарастырылып жатыр. БҰҰ Қазақстандағы басшысы сөйлеген кезде қаражат жағын қарастырып жатырмыз, жан-жақты ұйымдастырып, 10-15 халықаралық ұйымдардың басын қосып, о…

0
0
310

Екінші Еуразиялық бизнес форумда қалдықтан қуат өндіру жолдары талқыланды

Қалдықтан энергия өндіру. Бас қалада өтіп жатқан екінші Еуразиялық бизнес форумның қатысушылары осы тақырып төңірегінде пікірлерін ортаға салды. Халықаралық шараға 11 елден 300-ден астам сарапшы келді. Форум 5 шілде күні де жалғасады. Тозығы жеткен көлігіңізді сатып, орнына су жаңа темір тұлпар мініңіз. Елімізде жаңа техника сатып алуға жеңілдігі бар сертификат беріліп жатыр. Бағдарлама талабына сай жеңіл көліктер де, жолаушылар тасымалдайтындары да, жүк көліктері де қабылданады. Жоюға жіберілетін техниканың шығарылған жылына, моделіне ешқандай шектеу жоқ. Ғани Сәдібеков , ҚР Энергетика министрінің орынбасары: - Жеңіл автокөлік үшін 314 мың теңге, орташа салмақты автомобильге 460-470 мың теңге қаржы, ауыр автомбильдерге 650 мыңнан астам жеңілдік береді. Биылдан бері Қазақстанда 30 мыңға ж…

0
0
326