Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған өлең (өзі шығарған) байқауының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 22 маусымнан 17 шілдеге дейін ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған үздік өлеңге (өзі шығарған) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қызметкерлері арасында байқау өткізілді.
Байқауға Министрліктің 13 қызметкері қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
– Қазақстанның ең көлемді ұлттық жобасы - ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесімен ҚР Энергетика министрлігінің қызметкерлерін таныстыру;
– ҚР Энергетика министрлігі қызметкерлерінің экология тақырыбында ойлануына себепші болу, сондай-ақ энергетиканың өзекті мәселелері мен энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану туралы білімді қалыптастыру;
– дарынды қызметкерлерді қолдау болып табылады.
Байқаудың талаптары:
- өлең мазмұнының ерекшелігі мен тереңдігі;
- байқау тақырыбына сәйкес келуі;
- ұйқас және буын сапасы.
Байқауды қорытындылай отырып, мынадай қызметкерлердің жұмыстары үздік деп танылды:
 1 - орын - Избасов Қайрат Бисенбайұлы «Навеяно Экспо -2017»өлеңі үшін;
 2 -орын–Есенбаев Асылбек Көшербайұлы «ЭКСПО-2017» қазақ тіліндегі өлеңі үшін;
 3- орын–Карамбетов Ескендір Ерболатұлы «ЭКСПО-2017, изменим мир!!!» өлеңі үшін.
Байқау жылы, достық атмосферада өтті.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

0
0
629

Осы тақырып бойынша

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған өлең (өзі шығарған) байқауының баспасөз хабарламасы - Yvision.kz