Мазмұнға өту
minenergo

Мин.энерго РК

@minenergo

Сайтта 2016 ж. 8 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

791

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Полиэтилен өндірісіне қашан тыйым салынады?

Еуропа елдері полиэтилленнен бас тартып жатқанда Қазақстанда бұл кәсіп керісінше жандана түскендей. Мәселен, елімізде осы өнімді шығаратын 20-дан астам кәсіпорын бар. Олар жыл сайын 10 мың тоннадан астам полиэтилен пакетін өндіреді. Мұның сыртында шетелден келетіні тағы бар.

Экологияға орасан зиян әкелетін бұған қашан тыйым салынады? Қазақстандық әр тұрғын жылына орта есеппен 300 пакет қолданады екен. Мамандардың мәліметі бойынша,  егер бір қазақстандық бас тартса 24000 тонна көмірқышқыл газының таралуын тоқтатуға болады. Мәселеге тілшіміз Раушан Сайлауқызы үңіліп көрді.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

 

http://kaztrk.kz/news/qogam/polietilen-ondirisine-qashan-tyiym-salynady-101621

0
0
308

Қазақстан Бангкокта «Жасыл көпір» астаналық бастамасын таныстырды

2017 жылғы 6 қыркүйекте Бангкок қаласында Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің VII Азиялық-Тынық мұхит саммиті өтті. Аталған саммиттің шеңберінде «Жасыл көпір астаналық бастамасы – тұрақты даму үшін өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа перспективалары» тақырыбында Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйым Даму бағдарламасының, «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ-ның қолдауымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сайд-ивент ұйымдастырды. Сайд-ивентте «Арнасай» білімді тарату орталығының тәжірибесін, «Жасыл технологияларды» дамыту жөніндегі Халықаралық орталығын құруды қоса алғанда, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын жүзеге асырудың жетістіктері мен перспективасы мәселелері талқыланды. ЭСКАТО мен әріптес елдер «Жасы…

0
0
425

2017-2018 жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жалпы Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындарында алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аяқталуда. Күрделі мәселелерді қарастыру және оларды шешу бойынша шаралар қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен компаниялардың қатысуымен ай сайын салалық селекторлық кеңестер өткізіледі. 2017 жылы 10 энергоблокты, 61 энергетикалық қазандықты және 49 турбинаны жөндеу жоспарланған болатын. 2017 жылғы қыркүйек айының басында 4 энергоблокта, 28 қазандықта және 22 турбинада жұмыс аяқталды. 4 энергоблокта, 30 қазандықта және 21 турбинада жөндеудің әртүрлі кезеңінде жұмыстар жүргізілуде. Жалпы жұмыстар кесте бойынша жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 17,2 мың км электр беру желілері жөнделді, бұл жылдық жоспардың 71 пайызын құрайды. Жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Электр станци…

0
0
483

ҚР Энергетика министрлігі мен Италия Республикасының Қоршаған орта және жер мен теңізді қорғау министрлігі арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою

2017 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Италия Республикасының Қоршаған орта және жер мен теңізді қорғау министрлігі арасында кездесу өтті. Кездесу барысында Италия Экономикалық даму министрінің орынбасары Иван Скальфаротто басқарған Италия делегациясы мен Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков басқарған қазақстандық делегация елдердің әрқайсысында қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізіліп жатқан саясат туралы ақпаратпен алмасты. Кездесу соңында ҚР энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен Италия Республикасының Қоршаған орта және жер мен теңізді қорғау министрінің орынбасары Барбара Дегани Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Италия Республикасының Қоршаған орта және жер мен теңізді қорғау министрлігі арасындағы К…

0
0
357

ҚР энергетика министрі ҚР Конституция күнімен және Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен құттықтады

2017 жылғы 29 тамызда ҚР Энергетика министрлігінде ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен ҚР Конституция күніне және Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиынға ҚР Энергетика министрлігі Орталық аппаратының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері және мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты. Өз сөзінде ҚР энергетика министрі мұнай-газ саласы (мұнай мен газды барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау) негізгі өндірісінің кәсіпорындарында 90 мыңға жуық адам, мұнай сервисінде жүз мың адам еңбек ететіндігін атап өтті. Ширек ғасырда елімізде көмірсутекті өндіру 3 есеге артқандығын айтты. Ведомство басшысы Қанат Бозымбаев мұнай-газ саласының ардагерлері мен жұмыскерлерін, ҚР Энергетика министрлігі қызметкерлерін сүбелі үлес…

0
0
405

Қазақстан және АҚШ энергетика министрліктері энергетикалық әріптестік бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды

2017 жылғы 28 тамызда Астана қаласына Америка Құрама Штаттарының ресми делегациясы келді. Америка миссиясын бастап келген АҚШ энергетика вице-министрі Дэн Брулетт «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне барды. Аталған сапар шеңберінде Қазақстан Республикасы энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың америкалық әріптесімен кездесуі өтті. Тараптар екі жақты ынтымақтастықты кеңейту, энергетикалық қауіпсіздікті арттыру және екі елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Кездесу нәтижесі бойынша ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев және АҚШ энергетика министрінің орынбасары Дэн Брулетт бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеме ядролық қауіпсіздік, атом өнеркәсібі, мұнай және газ, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және электр энергетикасы салаларында екі елдің қар…

0
0
271

Шахтер күнінің 70 жылдығына арналған салтанатты жиналыстың баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Шахтер күнінің 70 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Қазақстанның шахтерларын Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев құттықтады. Салтанатты жиналысқа көмір саласы бірқатар кәсіпорындарының жұмысшылары қатысты, атап айтқанда «Шұбаркөл-Көмір» АҚ, «Разрез Молодежный» ЖШС, «Қаражыра» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Майкубен-Вест» ЖШС, «Восточный» разрезі және т.б., сондай-ақ өндіріс озаттары, көмір өнеркәсібінің ардагерлері және Көмір өнеркәсібі жұмысшыларының салалық кәсіподағы өкілдері қатысты. Ведомствоның басшысы Шахтер күні – нағыз ерлерге лайықты саналатын қауіпті «бейбіт» мамандығы батыл адамдарының мерекесі екендігін атап өтті. Ауыр еңбекті таңдайтын адамдар мен әулеттер бар болғандықтан…

0
0
254

Қазақстан ақшыл мұнай өнімдерін экспортқа шығарады

Келер жылдан бастап Қазақстан ақшыл мұнай өнімдерін экспортқа шығаруы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкіметтегі брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, отандық мұнай өңдеу зауыттары іске қосылғаннан кейін, елімізді отынның түр-түрімен қамтиды. Ал артылған өнім Орта Азия мен Ауғанстан мемлекеттеріне экспортталуы тиіс. Кәсіпорындардың бюджетіне түскен қаражат есебінен жаңғыртуға алынған қарыздар өтеледі. Ведомство басшысы Шымкент зауыты қазірдің өзінде қара алтынды өңдеуге дайын екенін атап өтті. Ал Атырау мен Павлодардағы кәсіпорындардың жарамдылығы биыл қараша айында тексеруден өтеді. Сонымен қатар министр жаңартылған нысандардың Индустрия 4.0 бағдарламасының стандарттарына сай екендігін алға тартып, зауыттағы жұмыс қоршаған ортаға еш зиян келтірмейтінін жеткізді. Қана…

0
0
425

Парниктік газдар және озонды бұзатын заттарды реттеу мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысы

2017 жылғы 18 тамызда Заң жобалау қызметi мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында «Парниктік газдар және озонды бұзатын заттарды реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы қарастырылды және талқыланды. Парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды реттеу, климаттың өзгеруіне бейімделу және қалдықтарды мемлекеттік басқару салаларындағы ұлттық заңнаманы тұрақты дамудың мақсаттарына және елдің әлеуметтік-экономикалық өсуіне сәйкес келетін Париж келісімі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Негіздемелік конвенциясы мен Монреаль хаттамасы шеңберінде қабылданған халықаралық міндеттемелерге сәйкестендіру аталған заң жобасын қабылдау мақсаттары болып табылады. ВАК-тың отырысына…

0
0
338

Модернизация национальной электросети в рамках «Нұрлы жол» проходит с опережением графика

Вице-министр сообщил, что целью реализации проекта «Строительство линии 500 кВ Экибастуз – Шульбинская ГЭС (Семей) – Усть-Каменогорск» в рамках программы «Нұрлы жол», является увеличение пропускной способности сетей в сечении Север – Восток, обеспечение покрытия дефицитов ВКО вне зависимости от транзита электроэнергии через сети ЕЭС России и выдача полной мощности Шульбинской ГЭС (ШГЭС) при вводе контррегулятора – Булакской ГЭС. «Срок реализации проекта: 2011–2017 годы. Cтоимость проекта – 53,3 млрд тг. Финансирование полностью осуществляется за счет средств компании KEGOC. На сегодняшний день все строительно-монтажные работы проекта успешно завершены», – сказал Бакытжан Джаксалиев. Запуск в работу построенных объектов был произведен 6 декабря 2016 года во время общенационального телемост…

0
0
206