Астанада Қазақстан және Еуропалық Одақ арасында энергетика саласындағы ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру бойынша 7-ші сарапшылар отырысы өткізілді
2017 жылғы 25 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ арасында энергетика саласындағы ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру бойынша 7-ші сарапшылар отырысы өткізілді.
Қазақстандық делегацияны Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, еуропалық делегацияны – Еуропалық Комиссияның энергетика мәселелері жөніндегі Бас директордың орынбасары Герасимос Томас басқарды.
Отырыс барысында тараптар халықаралық энергетикалық нарықтардағы өзгерістерді талқылады, сондай-ақ Қазақстан мен ЕО-ның аталған бағыттағы саясаты, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және инвестициялық климат, энергетикалық көліктік инфрақұрылым және тұрақты энергия жөніндегі ақпаратпен алмасты.
Қазақстандық тарап Еуропалық Одақтың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысқаны және қолдағаны, оның ішінде көрме шеңберінде Еуропа күндерін өткізгені үшін ризашылығын білдірді.
Қос тараптың Сарапшылары отырысы тәсілдемелерді талқылау және Қазақстан және ЕО арасында энергетикалық ынтымақтастықтың стратегиялық маңызды саласын одан әрі іске асыру үшін тиімді диалогтік бөлік болып табылатынын атап өтті.
ЕО энергетика саласындағы Қазақстан Республикасының бірден бір негізгі серіктестігі болып табылады. Қазіргі таңда ЕО мемлекеттерімен сауда Қазақстанның жалпы тауар айналымының жартысына жуығын алып отыр. Еуропалық компаниялар энергетикалық сектордың Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі көздерінің бірі болуда маңызды рөлді атқарды.
