Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қытай атомдық технологиялар дамыту бойынша семинар

2017 жылғы 10 шілдеде Астана қаласында Қытай ұлттық павильоны ғимаратында Қытай ұлттық ядролық корпорациясы «Чжуньюань» Қытай инженерлік корпорациясының (CNNC CZEC) ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде Қытайлық атомдық технологияларды дамыту бойынша семинар өтті.
Семинарда кадрлар даярлау, АЭС жобалау және оны салуда тәжірибе алмасу бойынша мәселелер талқыланды, сондай-ақ HPR1000, ACP100 реакторларының технологиялары қаралды.
Семинарға ҚР Энергетика министрлігі, ведомствоға қарасты ұйымдар («ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазақстанның ядролық қоғамы» ассоциациясының және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері қатысты.

0
0
213

Осы тақырып бойынша

Қытай атомдық технологиялар дамыту бойынша семинар - Yvision.kz