Астанада ІІ Еуразиялық бизнес-форум жұмысын бастады
Қалдықтардан энергия өндіру. Бас қалада өтіп жатқан екінші Еуразиялық бизнес-форумның қатысушылары осы тақырып төңірегінде пікірлерін ортаға салып жатыр. Халықаралық шараға 11 елден 300-ден астам сарапшы келді. Форумда қалдықтарды қайта өңдеу мен баламалы энергия көздерін пайдалану жайы сөз болды. Бұдан бөлек ТМД мен Еуразиялық экономикалық Одақ елдерінің «жасыл» экономикаға көшуі де күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Форум екі күнге жалғасады. Айнұр Соспанова, ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры: – 2020 жылға қарай электр энергияның 8 пайызын баламалы энергия көздерінен алуды көздеп отырмыз. Ал 2030 жылы көрсеткішті 10 пайызға арттырсақ, 2050 жылы 50 пайызға жеткізу межесі тұр. Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз back to top http://24…