Қазақстанға атом электрстанциясы керек пе
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі қуат көздерін тұтыну көлемінің артуына байланысты осы мәселені жан-жақты зерделеп шықты. Алдағы уақытта атом электрстанциясына үлкен қажеттілік болмайды. Дегенмен, экологиялық қауіпсіз энергетиканы құру жағынан аталған жобаны іске асырған жөн, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Электрэнергетика және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Талғат Әбілғазының айтуынша, бүгінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі энергияны тұтыну көлемі есептелді. Онда ел экономикасының барлық салаларының дамуы, яғни жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы аясында қуат көздерін өндіру мөлшеріне болжам жасалды. "Осы болжамға сәйкес, қазіргі электр стансаларының қуаты толығымен жетеді. Жаңа нысандарды салудың қажеті жоқ. Сондықтан энергияны тұтыну жағынан атом…