Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан және Сауд Арабиясының энергетика министрлері әлемдік мұнай нарығында қалыптасқан жағдайды талқылады

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халед Аль-Фалихпен кездесуі өтті.
2017 жылғы 10 қыркүйекте Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті шеңберінде тараптардың отырысы өтті. Оның барысында әлемдік мұнай нарығында қалыптасқан жағдай талқыланды.
Кездесу кезінде тараптар мұнай нарығында балансты сақтау үшін ОПЕК және ОПЕК емес басқа елдермен қатар Қазақстан және Сауд Арабиясымен қабылданатын күш-жігерлердің маңыздылығын атап өтті.
Атап айтқанда Қ. Бозымбаев осы жылы Қашаған ірі кен орнының біртіндеп жандануына қарамастан, Қазақстан мұнай өндірудің басқа секторларында өндірісті қысқарту есебінен тамызда өндірістің алдын-ала келісілген деңгейіне толық сәйкестікке қол жеткізгендігіне назар аударды.
Өз кезегінде Аль-Фалих мырза мұнай өндірудің деңгейін қысқарту туралы келісім бойынша ОПЕК және ОПЕК+ елдерінің арасында қабылданған міндеттемелерді орындауда Қазақстанның рөлін жоғары бағалады.
Тараптар сондай-ақ мұнай өндірудің деңгейін қысқарту туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту мәселесі нарық конъюнктурасына сәйкес қажеттілігі бойынша қаралатындығын атап өтті.
Қ. Бозымбаев пен Аль-Фалих мырза мұнай-химия және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы Қазақстан аумағындағы екі ірі жобаны қоса алғанда, энергетикалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру және кеңейту жөнінде келісті.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

0
0
307

Осы тақырып бойынша

Қазақстан және Сауд Арабиясының энергетика министрлері әлемдік мұнай нарығында қалыптасқан жағдайды талқылады - Yvision.kz