Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан және Ресей ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Венада Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) бас конференциясының 61-сессиясы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында ядролық энергетикалық саладағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге хаттамаға қол қойды.
Бұдан басқа Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қоғамдастық өкілдерімен екі жақты кездесу өтті. Жоғары дәрежеде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында, атап айтқанда ядролық қауіпсіздік, ядролық технологияларды дамыту және ғылыми техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша мәселелер талқыланды.
2017 жылғы 18-22 қыркүйекте Австрия астанасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы жыл сайынғы форум – АЭХА бас конференциясының 61-сессиясы өтіп жатқандығын еске саламыз. Конференцияға АЭХА-ға мүше мемлекеттердің ұлттық делегациялары қатысады.
АЭХА бас конференциясының жыл сайынғы сессияларында Қазақстан делегациясы атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайтудағы Қазақстан Республикасының үлесі туралы баяндамамен сөз сөйлеген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың басшылығымен дәстүрлі түрде қатысып келеді.
Бас конференция барысында Қ. Бозымбаевтың АҚШ Энергетика министрі Рик Перри және Украинаның Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен атом энергетикасын дамытудың негізгі мәселелері бойынша ой-пікірлерімен алмасу мақсатындағы екі жақты кездесулер өтті.
Бұдан басқа конференция шеңберінде «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атом энергетикасы саласындағы ҚР жетістіктеріне арналған көрме/сайд-ивент ұйымдастырды.
Венадағы іс-шараның күн тәртібі ядролық қаруды таратпаумен байланысты жаһандық мәселелерді талқылау, энергияға болашақ сұранысты қанағаттандыру, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық энергия және техникалық ынтымақтастық, сонымен қатар Агенттіктің қызметіндегі басқа да маңызды мәселелер болып табылады.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

0
0
257

Осы тақырып бойынша

Қазақстан және Ресей ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды - Yvision.kz