Астанада «Жасыл құрылыс бойынша стандарт» атты семинар өткізілді
2017 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен бірлесе отырып «Жасыл құрылыс бойынша стандарт» атты семинарын өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғау стандарттары бойынша құрылыс мәселелерін талқылау, Австрияның жасыл құрылыс саласындағы халықаралық тәжірибесімен танысу, Қазақстандағы жаңартылған энергия көздерін пайдалану арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған техникалық шешімдердің озық тәжірибелерін талқылау болып табылады.
Осы отырыста орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҰКП, аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілер, халықаралық қаржы институттары және халықаралық ұйымдар, ғылыми қоғамдастық, бизнес және басқа өкілдер қатысты.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі
