Мазмұнға өту
minenergo

Мин.энерго РК

@minenergo

Сайтта 2016 ж. 8 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

791

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Қашаған кенішінде ілеспе газды кері айдау жүйесі іске қосылды

Солтүстік Каспийдегі Қашаған кенішінде ілеспе газды жер қойнауына кері айдау жүйесі іске қосылды. Бұл әдіс теңіз түбінен өндірілетін мұнай көлемінің артуына септігін тигізеді. Мамандардың айтуынша, ілеспе газды кері айдау арқылы өндірілетін мұнайдың көлемін тәулігіне 370 мың баррельге дейін жеткізуге болады. Қазір жасанды аралдарда күніне 200 мың баррель мұнай өндіріліп жатыр. Мұнда әрқайсысы 35 мегаваттық қуаты бар екі газ турбинасы жасанды аралдардың біріне орнатылып, жоспарға сәйкес жұмыс істеп тұр. Бұл – өте үлкен жоба. Аталған газ турбиналарының қуаты алып «Боинг» ұшақтарымен теңбе-тең келеді.

http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/92572-asha-an-kenishinde-ilespe-gazdy-keri-ajdau-zh-jesi-iske-osyldy

0
0
415

Елімізде жылу маусымына дайындық кестеге сай жүргізіліп жатыр

Жылу маусымына дайындық кестеге сай жүргізіліп жатыр. Еліміздің солтүстік, шығыс, батыс және орталық өңірінде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің 80 пайыздан астамы жылумен қамтылған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрлігінің комитет төрағасы Сұңғат Есімханов осылай деді. Айтуынша, елдегі 10 энергоблок, 58 қазандық пен 47 турбина қараша айында толық жөнделіп бітеді. Сұңғат Есімханов, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы: -Электр желілері туралы айтсақ, жалпы кесте бойынша 25 мың шақырым артық электр желілері мен 6 мыңнан аcа қосалқы станциялар жөндеу жұмыстарынан өту керек еді. Бүгін оның 95%-ы аяқталды. Осы қазан айында қалған 5% толық аяқталады деп айта аламыз. Электр станциялары қоймаларында 4,8 млн тонна көм…

0
0
347

Америкалық компания иелігінде болған қос нысан мемлекетке қайтарылды

Еліміз үшін стратегиялық маңызы зор Өскемен және Шүлбі су электр станциялары мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұрын америкалық компания иелігінде болған қос нысан Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы Энергетика министрлігіне тапсырылды. Кәсіпорынның бас директоры болып Асқар Балабатыров тағайындалды. Осылайша Қазақстан Республикасы мен Құрама штаттардың AES Corporation компаниясы арасында 1997 жылдың 23 шілдесінде жасалған концессиялық келісімнің күші жойылды.

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/199550-an-os-nysan-memleketke-ajtaryldy

0
0
336

Сочиде Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрі және Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелерді талқылады

2017 жылдың 30 қыркүйек - 1 қазан аралығында Сочи қ. (Ресей Федерациясы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау ведомстволары басшыларының кездесуі және ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің III отырысы өткізілді. Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің кездесуі шеңберінде 2030 жылға дейін тұрақты даму шеңберіндегі мәнмәтінінде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар жануарларды, өсімдіктерді сақтау стратегиясын іске асыру тәжірибесімен және ТМД қатысушы мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласында одан әрі ынтымақтастықты нығайту туралы мәселелері талқыланды. ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің III отырысы шеңберінде қоршаған ортаны қорғау ведомстволарының басшылары өз елдерінің…

0
0
354

Экологияға да, экономикаға да тиімді

«Метан дәуірі» бүгінде көптеген елдердің энергетикалық дағдарыстан шығуға арналған стратегиясына айналып отыр. Ол энергия ретінде табиғи немесе ілеспе мұнай газын тұтынуға негізделген. Қазіргі таңда Нидерланды, Норвегия және Ресей жылу көзі үшін қатты отын түрлерін емес, көгілдір отынды пайдалануға көп көңіл бөлуде. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Себебі, елдегі кез келген шаруашылық үшін табиғи газды пайдалану басқа отындармен және энергия көздерімен салыстырғанда арзан әрі экологияға зиянсыз. Табиғи газдың 92-98 пайызы метаннан тұрады. Метан – түссіз, иіссіз газ әрі ден­сау­лыққа да айтарлықтай зиян келтірмейді. Ал біз күнделікті тұрмыста немесе өндірісте қол­данатын табиғи газға адам сезіп, білуі үшін иісі бар арнаулы қоспа қосылады. Кезінде ағаш отынды көмір, ал оны мұ­най қалай а…

0
0
507

Энергетика министрлігінде атом саласының қызметкерлерін құттықтады

2017 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде атом саласының қызметкерлерін құттықтады. «Атом саласы қызметкерлерінің күніне» арналған салтанатты жиынға ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қатысты. Министр атом саласының қызметкерлерін, Қазақстан атом өнеркәсібінің ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, саланың және жалпы экономиканың дамуына қосқан үлестерін атап өтті. - «Қазақстан-2050» стратегиясында Мемлекет басшысы Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі жауапты саясатының нәтижесінде осы салада көшбасшы және басқа мемлекеттерге үлгі болып табылатындығын атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды белсенді дамытып келеді, - деді құттықтау сөзінде Қ. Бозымбаев. Сондай-ақ Министрлік басшысы Қазақстанның…

0
0
409

Алматы ЖЭО-2-ны газға алмастыру атмосфераға шығарындыларды 30 есеге төмендетуге мүмкіндік береді

Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ны газға алмастыру қаланың ауа жағдайын сапалы жақсартуға және ЖЭО-2-дан шығарындыларды 30 мың тоннадан 1,0 мың тоннаға дейін төмендетуге, сондай-ақ жыл сайын 900,0 мың тоннаға дейін күл-қоқыс қалдықтардың жыл сайынғы көлемін төмендетуге мүмкіндік береді.
Алматы қаласы бойынша 2016 жылы жалпы шығарындылар (жылжымалы көздерді ескере отырып) 285,0 мың тоннаны құрады, оның ішінде «ЖЭО-2» АҚ нысандарының үлесіне 11% шығарындылар (31,59 мың тонна) тиесілі. Бұдан басқа, жеке сектор толығымен газға ауыстырылмаған (5%). Мұндай деректерді табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы келтіреді.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

0
0
467

Астанада мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссия отырысы өтті

2017 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың төрағалығымен Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның (бұдан әрі – Салалық комиссия) 3-ші отырысы өтті. Отырыс барысында әлеуметтік әріптестік Тараптарының 2017 жылғы 9 айдың қорытындыларына арналған есептер тыңдалды, мұнай-газ саласындағы еңбекақы төлеу жүйесі жұмысының негізгі қағидаттары бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсыныстары талқыланды, сондай-ақ кәсіби стандарттарды әзірлеу және ресімдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар қарастырылды. Аталған отырысқа ҚР Энергетика министрлігінің, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер салалық бірлестіктерінің уәкілетті өкілдері, сондай-ақ м…

0
0
259

Алматыда ЖЭО-2 жұмысы көгілдір отынға алмастырылады

Алматының екінші жылу электр орталығын газға алмастыру қаладағы басты проблема экологиялық мәселені шешуге сеп болады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің өкілдері мәлім етті. Зияш Қияқбаевтың айтуынша, өткен жылы ауаға 285 мың тонна лас зат шығарылған. Соның шамамен 32 мың тоннаға жуығы немесе 11 пайызы аталған орталыққа тиесілі. Ал жылу орталығын газға алмастырған жағдайда ауаға тарайтын улы заттар көлемі 30 пайызға дейін азаяды. Мамандар Алматыдағы жылу электр орталығының жұмысын көгілдір отынға алмастыру қиындық тудырмайтынын да тілге тиек етті. Зияш Қияқбаев, ҚР Энергетика министрлігі департамент директоры: – Алматы жылу электр орталығының жұмысын табиғи отынға ауыстыруға бар жағдай жасалып отыр. Менің ойымша, жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы кезде қажетт…

0
0
340

Көмірдің бағасы неге қымбат

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігінің электрэнергетика және көмір өнеркәсібі департаменті директоры орынбасары Талғат Әбілғазының айтуынша, разрездің өз басында көмірдің бағасы 8 мың теңге тұрады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазіргі кезде республика бойынша 400-ге жуық көмір өндіру кені бар. Аталған разрездердің бәрі бағаны өздері белгілейді. Себебі Қазақстанда көмірдің бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді. Заңда қандай да бір шектеу шаралары қарастырылмаған. «Бүгінде көмірді өндіру құны 3-5 мың теңгені (бір тоннасы - авт.) құрайды. Ал разрездің өзінде 8 мыңға дейін барады. Одан кейін осы көмірді тұтынушыға жекізу тағы бар. Сосын алыпсатарлар болады. Бұның барлығы - нарықтық жағдай. Бағаны да нарық анықтайды, көмірдің құны сұранысқа қарай өзгереді», - деді Әбілғазы. О…

0
0
428