Мазмұнға өту
minenergo

Мин.энерго РК

@minenergo

Сайтта 2016 ж. 8 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

791

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика, өнеркәсіп және табиғи ресурстар министрі Халид әл-Фалихпен кездесті

Кездесуде Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтіп, оны әрі қарай дамытудың маңызды екенін айтты.

– Біз үшін Сауд Арабиясымен қарым-қатынастың мәні зор. Биыл мен Эр-Риядқа сапармен бардым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Халид әл-Фалих кездесуге және энергетика саласындағы қазіргі екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдірді.

 

http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_receptions/memleket-basshysy-saud-arabiyasy-koroldiginin-energetika-onerkasip-zhane-tabigi-resurstar-ministri-halid-al-falihpen-kezdesti

0
0
431

ПМХЗ-ны жаңғырту мерзімдері сақталмаған жағдайда ҚМГ топ-менеджменті жұмыстан босатылады

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр Тиесовтің және «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбайдың қатысуымен Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту барысы мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. «ПМХЗ» ЖШС-да жаңғыртуды аяқтау және жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығару үшін қажетті қондырғыларды іске қосу мерзімдері бойынша артта қалушылық белгілі болды. Жаңғыртуды аяқтау мерзімі «ПМХЗ» ЖШС үшін 26 қазан, ал Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін 16 қыркүйек белгіленген болатын. Алайда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мерзімдерді ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші жартысына ауыстырды. Д. Тиесов пен Ш. Данбайдың ақпаратын тыңдап, министр жақын а…

0
0
382

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікті және халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша Энергетика министрлігінде селекторлық мәжіліс өтті

2017 жылғы 30 қазанда Министрлікте облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен селекторлық мәжіліс өткізілді, онда халықтың көмірмен қамтамасыз етілуі, жергілікті атқарушы органдардың көмір өндіруші кәсіпорындарымен, көмірді жеткізушілермен, сатушылармен және тасымалдаушылармен өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды. Бүгінде, Қазақстанның тұрмыстық тұтынушыларына көмір жөнелту қажетті көлемде жүзеге асырылуда, көмір жөнелтуде проблемалық мәселелер жоқ. Бұл мәжіліс қатысушыларымен атап өтілді. Жалпы барлық өңірлердегі жағдай бақылауда. Көмір жөнелту бойынша туындаған мәселелер қатаң сынды сипатта емес. Мәжіліс қорытындысы бойынша әкімдіктерге халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмысты күшейту ұсынылды, атап айтқанда: - халық арасында кеңейтілген ақпараттық түсін…

0
0
352

Энергетика министрлігі ЖЖМ-мен қамтамасыз етуге қатысты жағдайдың төңірегінде жасанды дүрлікпе жасамауға шақырады

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында ЖЖМ-ның жоқтығына қатысты кейбір бұқаралық ақпарат құралдарындағы соңғы жарияланымдарға байланысты келесіні хабарлайды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша аймақта ЖЖМ-мен қамтамасыз етуге қатысты жағдай тұрақты. ОҚО бойынша АИ-92 қоры 7, 156 мың тоннаны (8 күн) құрайды. Тағы 10 мың тонна АИ-92 маркалы бензин күтілуде. Ірі АЖҚС (автожанармай құю станциясы) жүйелері (ГЕЛИОС, ГазПромНефть, Синойл) бойынша өткізу шектеулерсіз жүзеге асырылуда, ұсақтарында өткізу аздаған шектеулермен жүргізілуде. АИ-92 маркалы бензинді жөнелту тәулік сайын 1000 тонна көлемінде тұрақты жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні жөнелту көлемін 1500 тоннаға дейін арттыру туралы шешім қабылданды. Сол арада Ш…

0
0
494

Отандық компаниялар «ЭКСПО»-ның энергиялық тиімді технологияларын енгізе бастады

Өндіріске «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған энергия тиімді жобаларын енгізу туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифингте «Led System» ЖШС директоры Амангелді Таукенов айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz порталына сілтеме жасап. Амангелді Таукенов айтып өткендей, Қазақстанда жасыл энергетика мен энергия үнемдеу саласын дамыту нақты перспективаларға ие. Мемлекеттің даму стратегиясына сәйкес 2050 жылға қарай Қазақстандағы барлық электр энергиясының 50 пайызын жаңғыртылатын көздерден өндіру жоспарланған. «Экспо-2017» көрмесі аясында Led System компаниясы толық циклді жарықдиодты өндіріс жобасы және бейнебақылау мен жарылу қаупі бар заттарды табудың кіріктірілген жүйелері бар көшені және саябақты жарықтандырудың дербес жарықдиодты көздерін әзірлеу ж…

0
0
360

«Экспо-2017» көрмесін өткізу отандық ғылымның әлеуетін ашты — Рахымбекова

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің Экология жөніндегі комиссиясының басшысы Салтанат Рахымбекова «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің Қазақстанда жасыл технологияларды енгізу барысына тигізген әсері туралы айтып берді. «Экспо-2017» көрмесін өткізу әлемнің үздік технологияларын бір жерге шоғырландыруға, сонымен қатар отандық ғылымның әлеуетін ашуға мүмкіндік берді», — деп есептейді Салтанат Рахымбекова. Оның айтуынша, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында белгіленген стратегиялық міндеттер мемлекеттік саясатты анықтап, қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік берді. Мәселен, мемлекеттік энергетикалық тізім енгізілді, заңнамаға энергия сервистік келісімдер, кәсіпорындарда энергетикалық аудиттар жүрг…

0
0
226

ҚР Энергетика министрлігінде көмір саласы мәселелерін талқылады

27.10.2017 ж. Энергетика министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдар, көмір өндіруші кәсіпорындар, тауар биржалары, трецдерлер және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қатысуларымен мәжіліс өтті. Мәжілісте коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарды және халықты көмірмен қамтамасыз ету, көмір жөнелтудің проблемалары тағы басқа мәселелері талқыланды. Сала электр энергиясының өндірілуінің шамамен 70%-ын, кокс химиялық өндіріс жүктемесінің жүз пайыз дерлік қамтамасыз етеді, республиканың коммуналдық-тұрмыстық секторын және халықты отынға деген тұтынушылығын толық қанағаттандырады. Оперативтік мәліметтер бойынша а.ж. 26 қазандағы жағдай бойынша 82,0 млн. тонна көмір өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2% көп. Ішкі нарыққа 59,8 млн. тонна көмір жөнелтілді, оның ішінде 44,8 млн. то…

0
0
412

Энергетика министрлігінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің нормаларын түсіндірді

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Кодекстің жобасын 2017 жылдың соңына дейін қабылдау қажет екендігін белгілеп көрсетті. Бұдан басқа, Кодекстің жобасы Ұлт жоспарының 74 және 75 қадамдарында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленген. Кодекстің негізгі мақсаттары: 1. жер қойнауын пайдалану саласында заңнаманы жетілдіру 2. инвестициялық климатты жақсарту 3. минерал-шикізат базасын қамтамасыз ету болып табылады. Кодекс Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімде әмбебап сипатқа ие және пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты емес жер қойнауы туралы заңнаманың негіз қалаушы ережелері бекітілген. Олар: жер қойнауын пайдалану құқығын анықтау, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларға қойылатын жалпы талаптар, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңна…

0
0
515

Бензин шығаратын Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылды

Бүгін жоғары сапалы бензин шығаратын Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясынан соң журналистер сауалына жауап берген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі. «Павлодарда бүгін мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Мен таңертең бас директорымен сөйлестім. Алғашқы мұнай өңдеу қондырғысы жұмысын бастады. Үш күн ішінде Павлодар МӨЗ-і толық режимде жұмыс істейді. Үш күннен соң жоғары сапалы отандық бензин беруі тиіс», - деп мәлімдеді Қанат Бозымбаев. АИ-92 маркалы бензин жетіспеушілігінен елдегі зауыттар АИ-95 маркалы бензинді шығаруды тоқтатқан болатын. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша бұл жағдай қарашада дұрысталуы тиіс. «Импорт бойынша Қазақстанға кеше 64 мың тонна жанармай импортталса, за…

0
0
442

ШҚО-да медициналық қалдықтар заңсыз өртелді

2017 жылдың 12 қыркүйегінде ШҚО экология департаментімен (бұдан әрі – Департамент) мекенжайына Өскемен қаласы Свобода көшесі көпқабатты үйдің тұрғындарының атынан айдалада пластмасса иісіне тән белгісіз заттарды өртеу фактісіне қатысты шағым келіп түсті. Департамент тарапынан қызметкерлердің оқиға орнына жедел баруы ұйымдастырылды. Орынды көру барысында шағымда көрсетілген факт расталды. 2017 жылдың 15 қыркүйегінде Департамент Өскемен қаласы ІІБ бастығына аталмыш жағдай бойынша орын алған оқиға фактісі бойынша шара қолдану жөнінде өтінішпен жүгінді. 2017 жылдың 19 қыркүйегінде Өскемен қаласы қызметкерлерімен Департамент инспекторларының қатысуымен ашық аспан аясында қораптарға жиналған медициналық қалдықтарды автокөліктен түсіріп, өртеу әрекетінде ГАЗ 3302 (ГАЗЕЛЬ) маркалы автокөлігі ұста…

0
0
442