Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікті және халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша Энергетика министрлігінде селекторлық мәжіліс өтті
2017 жылғы 30 қазанда Министрлікте облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен селекторлық мәжіліс өткізілді, онда халықтың көмірмен қамтамасыз етілуі, жергілікті атқарушы органдардың көмір өндіруші кәсіпорындарымен, көмірді жеткізушілермен, сатушылармен және тасымалдаушылармен өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.
Бүгінде, Қазақстанның тұрмыстық тұтынушыларына көмір жөнелту қажетті көлемде жүзеге асырылуда, көмір жөнелтуде проблемалық мәселелер жоқ. Бұл мәжіліс қатысушыларымен атап өтілді.
Жалпы барлық өңірлердегі жағдай бақылауда. Көмір жөнелту бойынша туындаған мәселелер қатаң сынды сипатта емес.
Мәжіліс қорытындысы бойынша әкімдіктерге халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмысты күшейту ұсынылды, атап айтқанда:
- халық арасында кеңейтілген ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, өңірлерде дүрлікпені басу;
- бөлшектеп сату орындарында және тұйықтарда көмірді сату бойынша жұмысты ұйымдастыру, көмірді тиеу-жөнелту орындарында «сатып алушылар» арасында даулардың туындауының жолын кесу;
- көмірді бөлшектеп сату орындарында жүйелік шектеулер болған жағдайда өткізу қабілеттілігін ұлғайту үшін тиісті техникаларды тарту;
- монополияға қарсы ведомствоның аумақтық бөлімшелерін тарту жолымен коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халық үшін көмір бағасының заңсыз өсуіне бақылауды күшейту ұсынылды.
