Отандық газ Азия нарығына шықты
Қазақстан Қытайға газ экспорттауды бастады. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды құбырынан «Орталық Азия - Қытай» трансұлттық құбырына алғашқы газ жіберілді. Қазақстан аумағындағы табиғи газды экспорттау маршруты 3 мың шақырымды құрайды, тасымалдау процессіне 10-нан астам компрессорлық станция жұмылдырылған. Газдың алғашқы бөлігін құбырға жіберу Шымкент қаласы маңындағы «Ақбұлақ» өлшеу станциясы мен ҚазТрансГаздың Астанадағы диспетчерлік орталығы арасындағы онлайн байланыс арқылы жүзеге асырылды. Енді жыл сайын Қазақстан Қытайға 5 млрд текше метр «көгілдір отын» жеткізеді. Болашақта оны 10 млрд текше метрге жеткізу жоспарланған. Оған құбырдың техникалық мүмкіндігі әбден жетеді. Осылайша көгілдір отын экспортының екінші бағыты ашылып отыр. Бұрын газ тек Ресей арқылы Еуропаға тасымалданатын.…