Мазмұнға өту
masakz

Ардабек Солдатбай

@masakz

Сайтта 2010 ж. 24 қарашаКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

62

пікірлер

7

тіркелуші

14

жазылымдар

14

40 жылдан кейін темекіні қоямыз

40 жылдан кейін Жер бетінде темекі шегетін адам қалмауы мүмкін. Әлем елдеріндегі темекі  шегушілердің саны туралы статистикалық мәліметтерді зерттеп шыққан Citygroup мамандары осындай   түйінге келіп отыр.

Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, соңғы онжылдықта темекі шегушілердің саны әлем бойынша 9,4   пайызға төмендеген. Атап айтқанда, 1960 жылы Ұлыбритания халқының барлығы дерлік никотинге тәуелді болған, бірақ содан бері темекі шегушілердің саны тез азайып келеді, 2008 жылғы көрсеткіш бойынша, жалпы британдықтардың 20 пайызға жуығы ғана көк түтінге үйір екен. Бельгия, Финляндия, Норвегия және АҚШ елдеріндегі темекі шегушілердің мөлшері де осы шамалас.

Ермек ҚАРАБАЛА.

0
0
849

Еліміз үшін ең маңызды ғимараттағы қателік

Мына тақта қазір Қазақ-британ университетінің ғимаратының қабырғасында ілініп тұр. Бұл ғимарат ұзақ жылдар бойы Казақ КСР Жоғары кеңесінің, кейін тәуелсіздікке қол жеткен соң ҚР Парламентінің ғимараты болған. Бұл жерде Тәуелсіз еліміздің өмірінде аса маңызды болған талай шешімдер қабылданып, елдіктің алғашқы қадамдары жасалған жер. Әрі бұл ғимарат республикалық құндылықтардың қатарына енгізілген. Мұндай киелі жерге талай тақта іліп, тарихқа қалдыруымыз тиіс. Бірақ ілінген жалғыз тақтаның сиқы мынау. Тақтада «Бұл ғимаратта 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация және 1991 жылы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды» деп жазылған. Ал астындағы орысшасында қазан айын «декабрь» деп жазып қойғ…

0
1
369

Құрманбек Бакиев директор атанды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбев Бакиевті қандыкөйлек досы Александр Лукашенко әскери зауыттың директоры қылып тағайындады. 2010 жылы еліндегі бей-берекетсіздіктер мен төңкерістен соңы Бішкекті тастай қашқан Бакиев Минискіден пана тапқан болатын. Саша досы Құрекеңнің ешкімге маңдайынан шерткізбеймін деген еді. Әзірге сөзінде тұрып келеді. Ол қандықол қарақшы, талай адамның жазықсыз қаны төгілуіне себепкер, оны бер бізге, аяусыз жазалаймыз деген сарындағы Бішкектің жаңа билігінің сөздерін құлағына да ілмеді. Ол тіпті талай уақыт бойы оны заңды президент санайтынын айтып жүрді. Алайда, 2010 жылы желтоқсан айында ол Роза Отынбаевмен кездескен еді. Шынын айту керек, екеу ара әңгімеде Бәкиев туралы сөз болмады. Неге деген сауалға А.Лукашенко «Егер ол бұрынғы президент болса неменесін…

0
2
946

Есімов неге шамданды?

Бұл оқиға қоғамның назарынан тыс қалып қойды. Себебі ол шараға қатысқан журналистердің барлығы дерлік үкіметтік ақпарат құралдарынан келген еді. Сондықтан жұртқа жария бломады. Егер сол жиында болған студент інім кездейсоқ айтып қалмағанда менің де естуім екіталай еді. Хош, сонымен Есімов неге шамданды, соны айтайық. Бұл желтоқсан айында «Хабар» агенттігінің 15 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған КВН-де болған екен. Оған Ахметжан Есімов мырза да шақырылып, алдыңғы қатарда шалқайып отырып «квншілердің» өнерін тамашалапты. Әкімнің өз өнерлерін көруге келгені «күлдіргіштердің» шабытын оятса керек, көріністердің бірін соған арнауды ұйғарыпты. - Жақында қызымның үйінің алдындағы асфальтқа «Мен сені сүйемін!» деп жазып қояйын десем асфальт шұрқ-тесік екен. Құрметті әкім мырза менің қызыма а…

0
1
472

Шарын ауылы су астында қалды

Ұйғыр ауданының Шарын ауылын су алып кетті деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. Жыл сайын қыстың ызғары түсісімен арнасынан асып-тасатын өзен 5950 адам тұратын ауылдың сәнін кетіріп бітті. Екі күн бұрын тағы да тасып жөнелген өзен тұрғындардың берекесін қашырып отыр. Ең өкініштісі 4 жылдан бері қайталанып келе жатқан апаттың алдын алуға не ауыл әкімі, не аудан әкімі бас ауыртқысы келмейді. Тұрғындардың өздері құм мен тас үйіп жасаған тосқауылдары өзеннің арынына төтеп бере алмауда. Кешелі бері бала-шағасын көтеріп, мүлкін сүйреткен адамдарға ауылы көшелері толыпе кеткен. «Жалпы 243 үй суға кеткен. Оның ішінде 12 тұрғын үй қатты зардап шеккен. Осы үйдіңиелеріне қажетті көмек көрсетілді. Барлық шаралар қолданылып жатыр»  - дейді «жау кеткен соң қылышын тасқа шауып жүрген» аудан әк…

0
0
3043

Инфляция өсіп барады

2010 жылы Қазақстанда инфляцияның өсімі 7,8 пайызға жетті деп хабарлайды Статистика агенттігі.

Азық-түлік 10,1 пайызға, тұрмыстық заттар 5,5 пайызға, қызмет көрсету саласы 6,8 пайызға өскен.

Желтоқсан айында ғана инфляция 0,7 пайызға көтерілді. 2010 жылдың соңғы айында азық-түлік 1,2 пайызға, тұрмыстық заттар 0,4 пайызға, қызмет көрсету 0,1 пайызға қымбаттаған.

Есеп ТҮГЕЛОВ.

http://masa.kz

0
0
381

Оларға тек тамақ керек пе?

Кеше Мәскеудегі Пушкин атындағы алаңда ксенофобияға, яғни ұлтараздығына қарсы митинг өтті. Әдеттегідей, биліктің ықпалымен ұйымдастырылғандықтван митингке жөнді жұрт жиылмады. Мың жарым-екі мың адамның ар жақ-бері жағы ғана. Алаңға жиылған жұрт жақында Мәскеуде болған ұлтараздық қақтығыстарды айыптады. "Қапказдықтар құрысын" деген ұран көтерген, соңы төбелеске ұласқан «тақырбастардың» митингісінде бұлардан көп адам жиналғаны есімізде. Ол митингіні де билік өзі ұйымдастырған еді. Бұл жолғысы артық кетіп қалған сол әрекеттерін жуып-шаю ғана секілді. Митингке келгендер "Ресей бәрі үшін", "Фашизмге орын жоқ ", "Біздің отанымызды жоюға – жоқ дейміз", "Ресей фашизмсіз", "Ресей нашизмсіз" деген ұрансөздер көтеріпті. Дегенмен, басым бөлігінің қолында жүрген «жалынды сөздер» бұл митингті орыс билі…

0
0
502

Радиобасқарумен ұшатын оқ

Америка әскерлері таяу уақыттарда компьютерлік ойындарда ғана кездесетін қарумен қамтамасыз етіледі. XM25 винтовкасының (толық аты XM25 Counter Defilade Target Engagement System) радиобасқарумен ұшатын «ақылды» оқтары бар. Көздеген жерге жеткенде оқтар жарылады. Бұл тәсілмен қалқаның артында тығылып тұрған жауды жойып жіберуге болады. Винтовканың ату қашықтығы 700 м. XM25 арнайы Америка армиясы үшін жасалған, ол енді таяу уақытта Ауғанстанда тәжірибеден өте бастайды. Нысанаға дейінгі қашықтықты анықтау үшін лазерлік өлшеу құрылғысы пайдаланылады. Шүріппенің қасындағы түймені басып жауынгер лазердің сәулесін 3 метрге дейін ұзарыптып немесе қысқарта алады. Нысанаға жеткенде оқ қол гранатасы секілді жарылады. Винтовка окопқа тығылған жаудың сұрмергенінжою үшін де өте қолайлы. 25-милиммитрлік…

0
0
346

Интернет - болашақ байлардың мекені

Facebook, Groupon және Twitter сайттары керемет жылдамдықпен өсіп келеді. Қазір бұлардың қны 50 млрд. долларға жақындап қалды. Бұл «ЛУкойл» компаниясының құнымен бірдей болса, «Газпромның» құнының үштен бірі деген сөзі. Ресми емес мәліметтер бйоынша Facebook желісі 2010 жылы 2 млрд долларға жуық пайда тапты. Компания жұртқа табысын әлі әшкере жария еткен емес. Оның табысы туралы ақпаратты жариялаған Financial Times компанияға жақын жүретін адамдардың ақпаратына ғана сүйенген. Жеңілдіктер сервисі Groupon келер жылы — $2 млрд доллар табыс таба алады дейді оның сырын білетіндер. Осы екі интернет-компанияның миноритарлық акционері - Әлішер Усманов пен Юрий Мильнердің DST Global инвестициялық қоры. Twitter микроблогтар сервисінің кірісі 2010 170 млн. долларға жетуі мүмкін. Ал 2013 жылы $1,5 мл…

0
0
703

Әбілхайыр ханның моласы табылған сияқты

Ғалымдар Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданына қарасты  Аққұм аулының маңынан әйгілі Әбіхайыр ханның моласы болуы ықтимал екі жер тауыпты. Бұл турасында Атыраудағы caspionews.kz сайты хабар таратып отыр. Негізі «Хан моласы» атанған Әбілқайыр баһадүр жерленген жерге о баста күмбез орнатылған. Одан бері талай су ағып, талай қар еріді. Неше заман ауды. Сөйтіп, уақыт өте келе күмбез құлап, мола жермен-жексен болып кеткен екен. Соңғы жүз жылдың бедерінде Әбілқайыр ханды дәріптейтіндей, оның күмбезін қорғайтындай қазақта хал болмағаны анық. Әне, содан келіп «Хан моласының» қарайған төмпешігі де қалма ғанға ұқсайды. Енді, міне, Құдая тәуба, ханымыздың да моласы табылатын күн алыс емес. 2011 жылы Ақтөбеде «Еуразияның тарихы мен мәдениетіндегі Арал-Каспий аймағы» атты ғылыми конференция өтіп, сон…

0
0
1872