Мазмұнға өту
masakz

Ардабек Солдатбай

@masakz

Сайтта 2010 ж. 24 қарашаКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

62

пікірлер

7

тіркелуші

14

жазылымдар

14

Әбілқайыр ханның сүйегі табылды ма?

Ғалымдар отыз жыл ел билеген Әбілқайыр ханның (1693-1748) жерленген орны осы-ау деген екі жерді анықтады. Бұл жер Ақтөбе облысының Айтеке би ауданы, Аққұм ауылының маңында деп жазады CaspioNews. Іздестіру жұмыстары 2007 жылы басталған. Ханның сүйегі болуы мүмкін деген ақсөңкелерді қазір антропологтар мен генетиктер зерттеп жатыр. 1718 жылы Тәуке хан өлген соң қазақ үш жүзге бөлініп Кіші жүздің ханы бойлып Әбілхайыр сайланады. 1722 жылы Қытаймен ымыраға келген жоңғарлар қазақ даласына шабуылды үдете түседі. Осы кезде Әбілқайыр біріккен қазақ жауынгерлерін бастап әйгілі Бұланты (1727) және Аңырақай (1729) шайқастарына қатысады. Осы шайқастардағы ірі жеңістерден кейін ол жауды біржолата жеңу үшін қазақтың басын біріктіруге күш салды. Алайда, тоқалдан туған Әбілқайырдың үш жүзге хан болуына е…

0
0
797

2010 жылы ең қымбат дүние сатып алған миллиардерлер

Forbes журналының дүйскенбі күні жариялаған мәліметтері бойынша биыл ең қымбат сауда жасаған ресейлік Роман Абрамович болып отыр. Ол Санкт-Петербордағы Новая Голландия деген аралды 400 млн. долларға сатып алыпты. Ол аралдағы 18-ғасырда салынған қоймаларды көркемөнер галереясына, сауда бутиктері, қонақ үйлер мен ресторандарға айналдырғысы келеді. Орыс байының жиған-тергені 11,2 миллиард доллар дейді Forbes журналы. Журнал жасаған тізім бойынша екінші орында хедж-қордың басшысы Стивен Коэн келеді. Ол танымалкартина жинаушы. 2010 жылы заманауи арт-нарыққа 145,4 миллион доллар жұмсаған. Ол биыл саудаға шығып ең қымбат бағаға сатылған өнер туындылары – Джаспер Джонсонның «Туы» мен Энди Уорхолдың «Кока-кола» бөтелкесін сатып алды. Пәкістандық бірінші бай Миан Мухаммед Манша үшінші орынға тұрақт…

0
0
630

Желтоқсан күресі жалғаса береді

Желтоқсан «бейбіт шеру ме?», «көтеріліс пе?», «оқиға ма?»  Осы сауал Тәуелсіздік пен Желтоқсанның  жылдар қойнауында кетіп бара жатқан дүбірлі күндері таяған сайын алдымыздан шығып отыратын бар. Біздің білетініміз, жастар алаңға алдымен шеру тартып барған. Сол заманның ең жалынды ұрандарын транспаранттарға жазып алған қазақтың ұл-қызы ұлттық талап-мүдденің табан астында тапталып жатқанын да ашық көрсете білген. Сондықтан желтоқсаншылардың алғашқы беталысынан бейбіт шеруді көреміз. Олар митингке де  «мінәйі»  себеппен («Әр ұлтқа өзінің жетекші тұлғасы басшы болуға тиіс!» деген сияқты) жиналғанға ұқсайды. Бейбіт шеру түс ауа стихиялы қозғалысқа, наразылыққа, қарсылыққа ұласады.  Наразылық пен қимылдың артынан кәдімгі көтеріліс бұрқ ете қалады. Демек, Желтоқсан шеруш…

0
0
370

WikiLeaks-тағы шындық шымбайға батты

Интернетті ермек еткен жанның бәрін соңғы аптада елең еткізген жайттың бірі WikiLeaks сайтында жарияланған дипломаттардың құпия ақпараттары мен содан туындаған оқиғалар тізбегі болды. WikiLeaks-та жұртқа жария болған дипломаттардың ішкі хат-хабарларында көптеген елдердің басшыларының аты аталып, әжуаға да айналған. Әсіресе Қытай мен Ресейдің басшыларына қатысты тұстары әлемді елең еткізді. «Альфа-еркек» атанған Путин шарт кетіп, «ынжық» деп ишарат етілген Медведев мөңкіп алды. Путин досының сойылын соғып Уго Чавес жүр шапқылап. Тіпті, біздің премьер-министрдің де қоластындағыларды ертіп дискотекаға барғаны айтылып өткен. WikiLeaks-тың әуресі алдымен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонды шаршататын болды. Ол алдағы бірнеше апта бойы ондаған мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы т…

0
0
786

Темекі мен арақ қымбаттайды

Елімізде темекі өнімдеріне салынатын салықтың мөлшері артатын болды. Енді мың дана темекіге салынатын акциздік алымдар 1,5 мың теңгеге дейін жететін болады. Бұл туралы «Қазақстан Респуликасындағы салық салу мәселері жөіндегі заңнамалық актілерге кейбір түзетулер мен өзгерістер енгізу» туралы заң жобасында айтылған. Әрине, салық бірден өспейді. Үш жылдың ішінде біртіндеп енгізу жоспарланған. Мәселен, мың дана фильтрлі сигарет үшін 2011 жылы акциз мың теңге болса, 2012 жылы 1250, 2013 жылы 1550  теңге болады. Бүгінгі күні елімізде темекі өнімдеріне салынатын салық кірістің 13 пайызынан аспайды. Қазақстан 2004 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы конвенциясына қосылған. Жаңа заң 2011 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жаман әдеттерге жақын жүретін ағай…

0
1
1662

Алаш ұлдары Алматты қолдайды!

Қазақстанның патриот жастары Лондонда ағылшын соты 200 сағат қоғамдық жұмыс істеп, үй тұтқынына алынып әрі 835 фунт стерлинг төлеуге үкім шығарған Алмат Самировты қолдау акциясын өткізіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай Алмат Самиров Лондонда оқып жатқан қазақ жастарының бірі. 23-қараша күні ол барда белгісіз біреулермен төбелесіп қалады. Жас жігіттің ағылшындарға жұдырық ала жүгіруіне себеп болған жайт – «Борат» фильмімен сусындап өскен ағылшын бозбалаларының Қазақстанды қорлай сөйлеуі еді. Алматты жаладан арашалуға құрылған қозғалыс мүшелерінің айтуынша, олар жерлестерінің ішімдік ішіп алып төбелес ұйымдастырғанын қолдап отырған жоқ. Бірақ, Англияның заңнамасын ескеру кереу дейді. Яғни, Еуропадағы ең заңы қатал елдердің бірі саналатын тұманды Альбионда мас…

0
0
639

Полицияны жетегіне алған «жеңгетай»

Шуы көп Шымкентте полиция кезекті рет айықпас дауға қалып отыр. Дау емес-ау, жегі құрттай жайылқан жемқорлықтың жетегінде кеткен құқық қорғаушылар адам өлтіргендерге «араша» түсіп масқара болып жатыр. Мәселенің мәні мынадай. Сарыағашта қылмыскерлер 15 жасар қызды зорлап, қинап өлтіріп кеткен. Оның мәйітін туысқандары арықтан тауып алды. Бойжеткен жоғалып кеткен күні-ақ туыстары қызды белгісіз жаққа ертіп кеткен адамдарды полицияға өздері ұстап әкеліп берген. Олар Бахтияр атты жігіт пен Фируза атты жеңгетай келіншек екен. Қыздың туыстары тіпті күдіктілер полицияға кінәларын мойындағанын айтады. Алайда, «жеңгетай» келіншек құқық қорғаушылар өзін жібермейтін болса қай жерде қанша қызды олардың астына салып бергенін жайып саламын деп қорқытқан. Осыдан кейін полиция оны бостандыққа жібереді. Т…

0
0
737

Тәуелсіздік мерекесін төрт күн тойлаймыз

Тәуелсіздік күніне орай елімізде 4 күн демалыс жарияланады.  Яғни, 16-17 желтоқсан күндері жұмыс күні болмайды. Ар жағында сенбі-жексенбі заңды демалыс. Сөйтіп, қазақстандықтар төрт күн бойы той тойлайтын болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғары Кеңес еліміздің егемендігі туралы заң қабылдаған болатын. Қазақстан ең соңғы болып (тіпті Ресейден кейін) бұрынғы Кеңес Одағының  құрамынан шықты. Желтоқсан қазақ үшін қасиетті ай. 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Алматыда ереуілге шығып, талай жас қыршынынан қиылып, қудалауға ұшырады. Желтоқсан көтерілісі Одақ құрамында болған өзге елдердің де егемендік туралы терең ойланып, тәуелсіздікке ұмытылуына түрткі болды. Сондықтан Желтоқсан оқиғасымен Тәуелсіздік күнінің сәйкес келуі бір жағынан заңды. Қазақтың тойшыл халық екені белгілі. Б…

1
0
2021

Саммит: саяси емес сықақ

Премьера!

ӨКІНІШ..

(бір актілі трагикомедия)

ЕҚЫҰ Саммитіне Обама келмей қалды...

ӘКЕМТЕАТРДЫҢ кіші залында. Басталуы түнгі сағат 3.00-де. Кіру тегін. Режиссері: Ата Баев. Басты рольде: Ата Баев

0
0
226

Кәрістерге нақтылық

Желтоқсанның 2-сінде ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінде Кореяның Сыртқы істер министрі Сунг-хван Ким осылай мәлім етті. Корея Үкіметі 23 қарашада Солтүстік Корея тарапынан болған әскери соққыға қатысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының нақты ұстанымын білдіруді сұрайды. Желтоқсанның 2-сінде елордада жалғасып жатқан ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінде Кореяның Сыртқы істер министрі Сунг-хван Ким осылай мәлім етті. Ағымдағы жылы 23 қараша күні Солтүстік Кореяның әскери күші Оңтүстік Кореяға оқ атқан. Осының салдарынан 4 адам мерт болды. Олардың екеуі - қарапайым халық өкілдері. Бұдан басқа жараланған азаматтар бар. «Бұл аса қатігез әрі заңсыз акт БҰҰ-ның Жарлығына, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара келісімге қайшы. Әлемдік қоғамдастық бұл жағдайға атүсті қарамай, Солтүстік Кореяны жауапкерш…

0
0
571