Ұйғыр ауданының Шарын ауылын су алып кетті деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. Жыл сайын қыстың ызғары түсісімен арнасынан асып-тасатын өзен 5950 адам тұратын ауылдың сәнін кетіріп бітті. Екі күн бұрын тағы да тасып жөнелген өзен тұрғындардың берекесін қашырып отыр. Ең өкініштісі 4 жылдан бері қайталанып келе жатқан апаттың алдын алуға не ауыл әкімі, не аудан әкімі бас ауыртқысы келмейді.
Тұрғындардың өздері құм мен тас үйіп жасаған тосқауылдары өзеннің арынына төтеп бере алмауда.
Кешелі бері бала-шағасын көтеріп, мүлкін сүйреткен адамдарға ауылы көшелері толыпе кеткен.
«Жалпы 243 үй суға кеткен. Оның ішінде 12 тұрғын үй қатты зардап шеккен. Осы үйдіңиелеріне қажетті көмек көрсетілді. Барлық шаралар қолданылып жатыр» - дейді «жау кеткен соң қылышын тасқа шауып жүрген» аудан әкімі Коюмчан Омаров мырза.
Әкімнің сөзінеқарағанда, биылғы жылы үйінді бөгеттер салу үшін 63 млн теңге бөлінген. Бұрын да қаражат бөлініп бөгет салужұмыстары бірнеше рет жүргізілген дейді ол. Дегенмен, соншама қаражат бөлініп бөгет салынған болса тұрғындар бұлайша зардап шекпес еді ғой. Қаржының бәрі әкімдердің қалтасында кеткені сөзсіз дейді тұрғындар. Биылға бөлінген 63 млн теңге тағы да талан-таражға түсе ме деген күдіктері басым. Ең, бастысы ауыл тұрғындары Қызылағаштағы қайғылы оқиға қайталана ма деп қорқады.