Азиаданың ас мәзірі дайын болады
Азия ойындарына келетін спортшылар мен делегацияға ұсынылатын тағамның құрамын Денсаулық сақтау министрлігі тексеруден өткізуде. Академия қызметкерлері спортшылар денсаулығына не керегін және олардың қанша күш шығындайтынын анықтап алған соң, тағамдарды таңдауды бастаған. Спортшылардың ас мәзірі жаттығу кезіндегі, сайыс кезіндегі және әдепкі күндегі тағамдармен толықтырылды. Алматы мен Астанаға ат басын тірейтін жанкүйерлер мен спортшыларды барлығы 22 қонақүй қарсы алады. Аталмыш қонақүйдегі тағамдардың халал стандартына сай болуы қатаң тексерілу үстінде. Азия ойындарына қатысатын біраз ел мұсылман мемлекеті болғаннан кейін, намаз оқитын арнайы зал бөлу немесе бөлмеде намаз оқуға мүмкіндік жасау жолдары қарастырылуда. Сонымен қатар, қонақүй бөлмелерінде құбыланы көрсетіп…