ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Есімов неге шамданды?

Бұл оқиға қоғамның назарынан тыс қалып қойды. Себебі ол шараға қатысқан журналистердің барлығы дерлік үкіметтік ақпарат құралдарынан келген еді. Сондықтан жұртқа жария бломады. Егер сол жиында болған студент інім кездейсоқ айтып қалмағанда менің де естуім екіталай еді.

Хош, сонымен Есімов неге шамданды, соны айтайық. Бұл желтоқсан айында «Хабар» агенттігінің 15 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған КВН-де болған екен. Оған Ахметжан Есімов мырза да шақырылып, алдыңғы қатарда шалқайып отырып «квншілердің» өнерін тамашалапты. Әкімнің өз өнерлерін көруге келгені «күлдіргіштердің» шабытын оятса керек, көріністердің бірін соған арнауды ұйғарыпты.

- Жақында қызымның үйінің алдындағы асфальтқа «Мен сені сүйемін!» деп жазып қояйын десем асфальт шұрқ-тесік екен. Құрметті әкім мырза менің қызыма ауласының асфальты бүтін жерден пәтер алуға көмектесесіз бе? – дейді ғой қалжыңбастардың бірі.

Сол-ақ екен әлгінде ғана екі езуі жиылмай отырған Есімов мырза орнынан атып тұрып мерекелік шараны тастап тайып тұрыпты. Тіпті, «Хабарды» құттықтап сөз сөйлеуі тиіс болса да қарамастан, қайырылмастан кете барыпты. Әкімнің осы қылығынан кейін әлгінде ішектері түйіліп күліп отырған залдың берекесі қашса керек.

Әзілдің түбінде зіл болады, рас. Бірақ, өз атына айтылған сын емес, қалжыңды көтере алмаған әкімнің қылығын қалай бағалаймыз. Сіздің әкіміңіз де сондай шамданшақ па?

Masa.kz