ru
Default banner
Разное
426 298 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Румыния билігін бақсылар қарғауда

Румын президенті мен билігі бақсы балгерлерге салық салғаны үшін тылсым күш иелерінің қаһарына ұшырады. Өйткені, жергілікті балгерлер мысықтың зәрі мен басқа да сыйқырлы заттарды пайдалану арқылы ел билігіне зиян келтіруді қолға алыпты.

Жаңа жылдан бастап румындық бақсы-балгер, астрологтар мен парапсихологтар кішігірім кәсіпкер қатарына енгізіліп, 16 пайыздық кіріс салығын төлеуі тиіс деген заң шыққан болатын. Мұнымен қоймай, румын билігі салықпен бірге зейнетақы аударымы мен әлеуметтік сақтандыру төлемдерін де міндеттеп қойды. Сондай-ақ, сәуегейлер бал ашыпболжам айту жұмыстарын тек қана чек арқылы айғақтау керектігін алға тартқан. Әрине, қара сиқырды серік еткендердің заңға оңайлықпен бағына қоймасы анық. Билікке талай рет тағдырдың тауқыметінен қорғаштап көмек қолын созғанда көрген пайдамыз осы ма деген бақсылар басшылыққа өкпелі. Болжам айтып табатын азғантай тиынға мемлекеттің ортақтасқаны өте күлкілі дейді олар.

Сөздеріне биліктің құлақ аспайтынын білген соң балгерлер билікті сыйқырмен жазалау жұмыстарын бастап та кетті. Жетінші қаңтар күні сәуегейлер Румыния президенті мен Министрлер кабинеті мүшелеріне қарата қарғыс дұғаларын арнап арнайы жоралғы өткізді. Атап айтар болсақ, Дунай жағасында жынойнақ ұйымдастырған он үш бақсы улы мандрагор, мысық зәрі, иттің бас сүйегі және улы шөптерден дайындалған қоспаны өзенге ағызып жіберіп, биліктен кек алу жоспарын бастады. «Бізге зияны тигендерді жазасыз қалдырмайыз!». Бұл бақсы-балгерлердің басын біріктіріп отырған Братара Бузеаның сөзі. Оның айтуынша, дуа тура бір айдан соң күшіне енуі керек.

Бұл оқиға бір қарағанда күлкілі көрінуі мүмкін, алайда Румынияның саяси өміріне магия тұрақты араласып келеді. Осыдан бір жыл бұрын президент сайлуының екінші кезеңінде қазіргі президенттің қарсыласы өзіне қарсы «жағымсыз энергияның» қолданылғанын айтып шағымданған. Расында ол жеңіліп, Траяна Бэсеску жеңіске жетті. Қазір оның жанында үнемі парапсихолог әрі түс жорушы Алидор Маноэла еріп жүреді. Президенттің өзі сиқырларшылардың тылсымына төтеп береді делінген арнайы киімдерді жиі киетіні ешкімге жасырын емес.

Ақырыс СЕЙІТҚАЗЫ