Мазмұнға өту
masakz

Ардабек Солдатбай

@masakz

Сайтта 2010 ж. 24 қарашаКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

62

пікірлер

7

тіркелуші

14

жазылымдар

14

Америкалықтың Шәуілдірдегі күндері

voxpopuli.kz сайтында Карла Нұр есімді фотожурналист Америкалық жігіттің қазақ ауылына сапары туралы жазыпты. Осы мақаланы yvision.kz сайтының оқырмандарына қазақшалап ұсынуды жөн көріп отырмыз. Суреттегі мына жігіттің отаны - Америка. Шәуілдірдің бүлдіршіндерін ағылшын тіліне үйретіп жатыр. 2009 жылдың тамыз айында 22 жасар Джонатан Рибель атты 22 жасар волонтер жігітті Бейбітшілік Корпусы деп аталатын агенттік осында жіберген. Сол ұйымның белді мүшесі саналатын Флорида штатының тұрғыны Джонатан Қазақстанда өткізген бір жылында қазақ тілін едәуір жақсы меңгеріп алыпты. Білмесеңіз, айта кетейік Бейбітшілік Корпусы деп аталатын Тәуелсіз Федералдық Агенттік 1961 жылы құрылған. Ұйымның мақсаты жағдайы қиын мемлекеттерге көмектесу. Америкалық жігіттің қазақ сахарасындағы тіршілікке қалай…

0
1
986

Жастар жүлде салған күн

Кеше Қазақстан құрамасы Азия ойындарында 5 бірдей алтын жеңіп алды.  Шаңғымен К-95 тұғырынан секіруде қазақстандық  жас талант Евгений Левкин Олимпиада чемпионын шаң қаптырып, Азиада алтынына қол созды. 18 жасар алматылық бас бапкер Қайрат Биекеновтың жабу астында ұстап жүрген жүйрігі екен. Тау шаңғысынан Людмила Федотова көптен күткен алтынды олжалады. Күміс Жапонияға аттанса, қола  тағы бір жерлесіміз Ксения  Строилованың еншісінде. Астанадағы «Алау» мұз айдынында еліміздің әнұраны тұңғыш рет шырқалды. 1500 метрге конькимен жүгіруде Денис Кузин Азиада чемпионы атанып қана қоймай, сары құрлық рекордының қаймағын бұзды. 2007 жылғы Чанчундегі Азия ойындарында корей спортшысы Джун Мунның рекордына түзету енгізген Кузиннің көрсеткіші – 1:47.37 Биатлоннан 15 шақырымға жеке…

0
1
473

Конькишілер мен фристайлшылар да жүлде әкелуде

Кеше Қазақстандық конькиші Дмитрий Бабенко 14 мың  метр қашықтыққа масс-старт әдісімен жүгіруде қола медаль жеңіп алды.  Үнемі ұзақ қашықтықта сынға түсетін Дима соңғы айналымдарда аяғы сыр бергенін айтады. Оның үстіне, тәжірибенің аздығы да аяққа тұсау болды. «Негізі, мен бұл қашықтықта алғаш рет сынға түсіп тұрмын. Медальға еш үмітім болмаған, бірақ командаластарымның Александр Жигин мен Максим Баклашкиннің көмегімен қоланы ұтып алғаныма қуаныштымын»,-деді Дмитрий журналистерге берген  сұхбатында. Алтын медаль Ванкувер олимпиадасының чемпионы, кореялық  Ли Сюнг Хонның еншісінде, ал күміс медальді Бабенкодан бірнеше секунд бұрын келген Жапония спортшысы  Хирако Хироки иеленді. Қазақстан қоржыны тағы екі алтынмен толықты. Паралельді могулдан сынға түскен фристайлш…

0
0
642

Қазақстан спортшылары әлі де алда

Қазақстандық спортшылар коньки, шорт-трек сынды спорт түрлерінен жарытып жүлде алмағанымен, шаңғыға қатысы бар ойындардан көптеп медаль олжалауда. Түске дейін ұлттық құрама қоржыны тағы да үш алтынмен толықты. Шаңғымен бағдарлау спортындағы бар алтын біздікі  деп басшылық бекер айтпапты. Михаил Сорокин мен Ольга Новикова 7-і Қысқы Азия ойындарының екі дүркін чемпиондары атанды. Бүгін олар орташа қашықтықта топ жарған еді. Шаңғымен спорттық бағдарлау, әйелдер І. Ольга Новикова (Қазақстан) ІІ. Евгения Кузьмина (Қазақстан) ІІІ. Лю Сиатинг (Қытай) Шаңғымен спорттық бағдарлау, ерлер І. Михаил Сорокин (Қазақстан) ІІ.Виталий Лиличенко (Қазақстан) ІІІ. Беейжан Кангорлы (Иран) Биатлоннан Андрей Червякин  қос алтынның иегері!  Ол 12,5 шақырымға із кесу арқылы сайысқан спортшылар ішін…

0
0
993

Азия рекордын Жинг жаңартты, ал Айдова 6-ы.

Конькиші қыз-жігіттер бүгін 500 метрлік сынды артқа тастады. Бұл жарысқа Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері көптеп қатысқан болатын. Қыздар арасында қытайлықтардың шоқтығы биік, ал  ерлерден жапондықтар жүйрік шықты. Қазақстандықтар арасындағы ең үздік нәтиже Екатерина Айдова көреткен 6-ы орын. Бұл Айдованың  аталмыш қашықтықтағы жеке рекорды. Екатерина Айдова, конькиші: Бүгін мен өз жанкүйерлерімнің көмегімен жеке көрсеткішімді жақсарта түстім. Екінші айналымда 500 метр қашықтықтағы Олимпиада чемпионы Ли Сан Хвамен жарысуға тура келді. Алайда, ол да адам ғой, сондықтан   қорқыныш немесе қобалжу болған жоқ. 1000 метрге жүгіруде қандай да бір медальға іліксем деп отырмын, себебі, осы қашықтықтағы нәтижем жаман емес. Ли Сан Хва, Олимпиада чемпионы, Азия ойындарының қ…

0
0
513

Екі күнде 10 алтын!

Азиаданың екінші күні мәресіне жетіп,  Қазақстан спортшылары шаңғы жарысы, тау шаңғысы және биатлон спортынан алтын медальдарға қол созды. Сондай-ақ, бүгін Иран құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы медалін жеңіп алып, қуанышқа бөленуде!

Тау шаңғысы. Супергигант, ерлер

І. Игорь Закурдаев        Қазақстан

ІІ. Дмитрий Кошкин     Қазақстан

ІІІ. Мухаммад Киядарбандсары  Иран

Тау шаңғысы. Супергигант, әйелдер

ІІ. Людмила Федотова  Қазақстан

Фристайл. Әйелдер

ІІ. Жібек Арапбаева Қазақстан

Фристайл. Ерлер

ІІІ. Әбілатипов Рулан

Биатлон. 10 шақырым,спринт

І. Александр Червяков

ІІ. Рен Лонг    Қытай

ІІІ. Джунжи Нагай

Жалпы командалық есеп:

medalii1.jpg

Дана Ғабитова.

0
0
393

Қазақ қыздары жапондарды жеңді

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында финалға бергісіз кездесу аяқталды. Қыздар арасындағы шайбалы хоккейден Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Қазақстан құрамасы сары құрлықтағы басты қарсыластары Жапонияны жеңіп, жанкүйерлерін бір желпінтіп тастады. Алғашқы екі кезеңде бір-бірден қақпасына шайба дарытқан Алексей Мальцев шәкірттері үшінші кезеңде де жарытып ес жия алған жоқ. Тек ойын аяқталар тұста Лариса Свиридова есепті бір шайбаға дейін қысқартқан болатын. Тартыстың көкесі осыдан соң басталды! Онсыз да ұтылып жатқан айдын иелерінің бір ойыншысын төреші екі минутқа айыптағаннан кейін, жеңіс жапондарда кетті деп күрсіне бастадық. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалған болатын. Алайда, алдыңғы екі матчта 5 гол соққан сұрмерген қыз Зарина Тоқтиева жапондардың бір адамға артық екенін…

0
1
655

Қазақ қалай жалқау атанды?

Тәубе, тәуелсіздік алдық. Жалқаулықтан құтылып, жайлы тірлік кешетін орай келді. Осы ретте, мемлекет құрушысы қазақ ұлтының өкілдері дарынымен, іскерлік-икемділігімен танылуы керек еді. Жағдай басқаша болып тұр. Қала мен далада жұмыссыз қазақ жетерлік. Әрине, байлыққа белшесінен батып жүргендер жоқ дей алмаймыз. Ақпарат көздеріне сүйенсек, әлемдегі байлардың қатарын толықтырған қазақстандықтардың саны да жыл өткен сайын көбейіп келе жатқаны шындық. Ал, қазақ неге жұмыссыз? Осы сауал төңірегінде талай білікті жандармен пікір бөлістім. Олардың айтқан уәждерін тізіп берудің қажеті жоқ шығар, бәрі «қазақ жалқау, сондықтан жұмыссыз» дегеннен арыға бармайды. Қазақ жалқау ма? Мен бұл пікірге келіспеймін. Басқасын айтпағанның өзінде қазақтың қолынан іс келмейтін болса, Римді жаулап, кешегі Тәж-Ма…

0
2
3125

Азиаданың алғашқы алтыны

Қазақстан құрамасы алғашқы екі алтынға қол жеткізді!!! Шаңғымен спорттық бағдарлаудан ерлер және қыздар арасындағы алғашқы сайыста қазақстандық спортшылар салтанат құрып, ел әнұраны екі рет шырқалды!

Қыздар арасында Ольга Новикова Азиаданың алғашқы алтын жүлдегері атанды. 25 жасар Шахтинскіде туылған қыз қытайлық Лю Сяотиньді екінші орынға қалдырды. Қола жүлде тағы бр қазақтандық Евгения Кузьминаның еншісінде.

Ерлер арасында Михаил Сорокин бірінші, Александр Бабенко екінші болып мәре сызығын кесті. Ал, қола жүлдегер - Моңғолиялық Баяраа Герельт Од.

"Маса-ақпарат"

0
2
545

Ақ Азиада басталды!!

Алаш жұрты асыға күткен Ақ Азиада басталды! Кеше Қазақстан тарихындағы тұңғыш ірі дода қысқы ойындардың тұсауы кесіліп, «Астана Арена» стадионына жиналған отыз мың жан мен көк жәшіктің арғы бетіндегі миллиондаған  жанкүйер  Азия ойындарының ашылу салтанатына куә болды. «Астана Аренадан» ашылу салтанатын тамашалауға келген азаматтарды Азиаданың атрибуттары толтырылған қоржын күтіп тұрды. Қоржынның ішіндегі ақ жамылғылар мен мойыншалғыларды тағу арқылы әрбір қазақстандық салтанатты шараға өз үлесін қосты деуге негіз бар. Сағат 19:45-те басталған тарихи сәт ел жадынан жақын күндері өшпейді деп уәде береміз. Себебі, мұндай ірі шоу Қазақстанда бұрын-соңды болған емес. Игорь Крутой басшылық еткен ашылу салтанатында 700-ге жуық  адам өнер көрсетіп, 40 камера аталмыш мерекені нысан…

0
0
575