Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақтың намысын Жириновский жырта ма?

Ұлы Отан Соғысының батыры, генерал-майор Сабыр Рахымовқа қойылған ескерткішті өзбектер алты бульдозердің көмегімен бұзып тастаған болатын. Ала тақиялы ағайынның бұл қылығын вандализм деп есептеген Удмурт Республикасының басшылығы Ресейдің либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскиге хат жазып, ескерткішті өз жерлеріне көшіріп қоюға ниетті екендіктерін білдірді. «Посткеңестік мемлекеттерде Ұлы Отан соғысында жан қиған батырларымыздың ескерткіштерін жермен-жексен ету жиі кездесуде. Бұл біздің батырларымыздың рухы аяққа тапталып, Отанға деген құрметтің азайғаны» делінген хатта. Биіктігі 4 метр ескеркішті Өзбекстан билігі алып тастағаннан кейін, бұл мәселенің бүкілресейлік дәрежеде шешілуін қалағандар Мәскеу немесе Ижевск қалаларында аталған мүсінді қайта орнату туралы бастама көтеріп жатыр.  Ал, Алматыдағы Панфиловшылар паркінде тұрған «Ресей кең байтақ, шегінерге жол жоқ, артымызда Мәскеу» деген сөзді алып тастауға біздің батылымыз жақын күндері жетпейтін сияқты.

Дегенмен, ежелден туыспыз деп келген өзбектердің қазаққа соңғы кездері көрсетіп жатқан қиянаттары көп болып кетті. Шекарада жазықсыз атылған талай қазақтың мәселесі «жабулы қазан» күйінде ол қалды. Қазақ мектептердің жаппай жабылғаны бір бөлек әңгіме. Сабыр Рахымовтың ескерткіші де оның қазақ болғаны үшін сырылып тасталды.

Осындай елдік пен намыс мәселесі таразыға түскенде біздің Үкіметтің үндемей қалуы ұяттан да сорақы болды. Ал, есесіне орыс ұлтшылдары ұпайын түгендеп жатқандай.

Қымбат ҚАЛАУОВА.

0
0
1736

Осы тақырып бойынша