Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

КСРО-ны көксегендер СССР атты балмұздақ шығара бастады

КСРО-ны көксегендер СССР атты балмұздақ шығара бастадыКСРО-ны көксегендер СССР атты балмұздақ шығара бастадыФото Skifnews.kz сайтынан алынды

Келмеске кеткен КСРО-ны көксегендер СССР атты балмұздақ шығара бастады, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы Skifnews сайтына сілтеме жасап.
Бұл балмұздақтар Астана қаласы дүкендерінде сатылымға шыққанына біраз уақыт өтіпті. Балмұздақтың қызыл қаптамасында «эскимо в шоколаде» және ірі әріптермен «СССР» деп жазылған. Сондай-ақ, «СССР» сөзінен соң балмұздақтың оң жақ бөлігінде КСРО-ның белгісі – орақ пен балға және бес жұлдыз бейнеленіпті.
Саяси пиғылдағы бұл балмұздақ Ресейдің Челябинск облысы, Троицк қаласында шығарылған. «РосФорст» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығы өндірген. Ол туралы тауар анықтамасында анық көрсетілген. Тұтынушылардың айтуынша, балмұздақтың бұл түрінің сатылымда жүргеніне біраз болыпты. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
 
0
0
1131

Осы тақырып бойынша