Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдебиет әлсіз емес, мәселе — қоғамда

Мархабат БАЙҒҰТ, жазушы:

– Кезінде кеңес өкіметі тұсында идеологияға айрықша қызмет еткен саланың бірі әдебиет болды. Әде­биет­ке арқа сүйеген социалистік жү­йе тек қана пайдасын көргені бол­маса, одан залал шеккен жоқ. Ал енді бүгінгі таңда қатыгезденіп ба­ра жатқан қоғамның жүрегін жі­біту­ге келгенде әдебиет неге әлсіз­дік танытуда? Не себепті?

– Әдебиет әлсізденді дей ал­май­мын. Қоғамыңызда да, ада­мыңыз­да да әдебиетіңізді түсі­не­тіндей түйсік, ұғынатындай сезім­тал­дық, демек, жібитіндей жүрек бар ма? Гәп пен кеп осында. Қо­ға­мыңыздың да, адамыңыздың да жү­ректері тек ақшаға ғана жі­би­тіндей. Басқа Құдайға емес, «Ақ­ша-Құдайға» бас ұруға көшіп кет­тік. Әдебиет әлсізденген жоқ, әде­биетті әдейілеп әлсіздендірдік. Оның себебі толып жатыр. Олар­ды да айтып, жазып жүрміз ғой, қай­талағаннан қаймақ пайда бол­мас. Әдебиет әлсіздік танытып отыр­ған жоқ. Көбінесе қоғамыңыз жөн­сіздік, адамыңыз жолсыздық та­нытып отыр-ау. Басым жағдай­лар­да. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
284

Осы тақырып бойынша

Әдебиет әлсіз емес, мәселе — қоғамда - Yvision.kz